К основному контенту

МЫСЫР ТӨРІНДЕГІ АБАЙ ЕСКЕРТКІШІНЕ ТАҒЗЫМ ЕТІЛДІ

  Осыдан біраз бұрын, наурыз айының 7-10 күндері аралығында Египет Араб Республикасының астанасы Каир қаласында сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық бойынша Қазақстан-Египет үкіметаралық комиссиясының бесінші отырысы болып өтті. Халықаралық деңгейдегі маңызды кездесуге еліміздің делегациясын ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы бастап барды.
  IMG_1083Ауқымды басқосу саналатын аталмыш үкіметаралық комиссия отырысында қос мемлекет арасындағы мәдениет және тарихи-мәдени мұраларды қорғау, спорт пен туризм, білім беру, діни қызмет, сауда, өндіріс, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау т.б. салалар бойынша әріптестікті дамыту мәселелері қаралды.
  Айта кетер болсақ, қазақстандық делегация құрамында еліміздің Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын, Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан, Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мельдешов, Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің төрағасының міндетін атқарушы Пак Лариса Юн-Бойевна, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Ғалымжан Жұмашев, ШҚО Абай ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Тәттібеков, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ІІ хатшысы Қожахмет Пазилов, Ұлттық кітапхана директоры Жанат Сейдуманов, «Астана Опера» театрының директоры Ғалым Ахмедьяровтар болды.
  Кездесу барысында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде Қазақстан-Египет үкіметаралық комиссиясы 5-отырысының хаттамасы жасалынып, қос тарап бірігіп қол қойыпты. Бұл аса маңызды құжатта екі ел арасындағыIMG_1179 сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелерінн бірігіп іске асыру межеленген. Яғни, таяу болашақтағы іс-шаралар қатары пысықталыныпты.
  Нақтырақ тоқталсақ, қос тарап «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме аясында Ежелгі Египеттің өнер туындылары көрмесін өткізу мәселесі бойынша жұмыс жүргізбек. Бұдан өзге болашақта ҚР Ұлттық музейінде әлемдік мәдениет залын ашу үшін қазақстандық реставраторлар, археологтар Египетте даярлық курстарынан өтетін болады.
  Осынау келелі басқосу аясында қос елдің мәдени бауырластығын арттыратын бірқатар игілікті шаралар да орын алды. Атап айтсақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы Мысыр елінің  инвестициялар және халықаралық ынтымақтастық министрі Сахара Наср, мәдениет министрі Х. Наманам, Көнелер ісі министрі Х.Аль-Анани жән Каир шаһарының губернаторымен екіжақты кездесулер өткізіп, тарихи қаладағы «Достық пен еркіндік» саябағында орналасқан Абай бюстіне гүл шоқтарын қойды. Мұнымен қатар, ел делегациясы ұлы даланың ұлы тұлғасы Сұлтан Бейбарыс мешітін зиярат етті.
  Осы орайда сонау Мысыр еліне арнайы ресми сапармен барып қайтқан Абай ауданы әкімің орынбасары Бауыржан Болатұлы өз әсерімен бөлісті.
  - Естеріңізде болса, өткен жылдың қазан айында Мысыр төріне Абай ескерткіші қойылды деген сүйінші хабарды естіген едік. Төбеміз көкке бір елі ғана жетпей қалған болатын. Абайдың және оның әдеби мұрасының әлемдік деңгейде кеңінен насихатталуы күллі қазаққа мәртебе екенін көріп жүрміз. Сол себепті де, мені адамзат өркениетінің алғашқы алтын бесігі саналар осынау елдегі Абай ескерткішіне гүл шоғын қою сәті ерекше тебірентті. Жалпы, осы сапар барысында Египет Араб Республикасының Қазақстанға деген құрметі мен ерекше ықыласын танып қайттым. Тіпті олар, жас қала Астана мен іргетасы сонау перғауындар билігі заманында қаланған әйгілі Каир қаласын «Бауырлас қалалар» деп атайды екен, - деп атап өтті.
  Жалпы, осынау екіжақты кездесулер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Египет арасында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылыпты. Оның ішінде ҚР Ұлттық кітапханасы мен ЕАР Ұлттық кітапханасы және мұрағаты арасындағы ынтымақтастықты дамыту туралы меморандум, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен ЕАР Уақыфтар министрлігі арасында әріптестік орнату туралы меморандум қабылданыпты. Әйтседе, Ұлылар елі үшін, бүгінгі Абайшыл ұрпақ үшін хакім есімінің Мысыр төрінде ұлықталуы айтарлықтай қуанышты жаңалық екендігі хақ.
Нұржан БАЙТӨС,
«Абай елі» газеті, 16-31 наурыз 2017 жыл

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

       Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.     Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктем

АБАЙДЫҢ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНЕ ТАПСЫРҒАН ЗАТТАРЫ

1. Абай үйінің жиһазы     Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің орыс досы Н.И.Долгополов арқылы қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан заттарын Семей қаласында ашылған өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырады. Олардың ішінде қазақ киіз үйлерінің жабдықтары: түскиіз, алаша, сырмақ, үй ішіне төсекаяқ, жүкаяқ, асадал, қалмақбас; қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: қобыз, домбыра; ұста саймандары: көрік, төс, балға; қару-жарақтар: найза, айбалта, шоқпар, шиті мылтық және кісе белдік, сондай-ақ басқа да түрлі этнографиялық заттар бар. Сол заттардың ішінен Абай тапсырған заттардың он жетісі 1964 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің қаулысы бойынша өлкетану музейінен Абай мұражайының қорына өткізілді.   Бүгінде Абай қорық-мұражайының құнды жәдігері, Абай тапсырған заттардың бірі, ақын үйінің жиһазы – кебеже. Түсім кітабындағы тіркелу нөмірі: КП – 1378, өлшемі: биіктігі – 79 см, ұзындығы – 61 см, ені – 52 см.   Кебеже - қазақ халқының қол өнерінің ішінде, өнер т

АБАЙДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІН КӨРГЕН ҰРПАҚТАРЫ

ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Кеңес Одағында тоталитарлық режим орнығып, ұзақ жылдар сталинизм зобалаңы дәуірледі. 20-30 жылдары Қазақстанды басқарған Н.Ежов, Ф.Голощекиндер жүргізген саясат рухани дамуға көп зиян келтірді. Ең алдымен, сергелдеңге қазақ халқының оқыған зиялылары түсті. Бас көтерер азаматтардың бәрі қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың ішінде Абай ұрпақтары, туыстары да болды.   Тұрағұл Абайұлы (1876 – 1934) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы, ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан сауат ашқан. Кейіннен өздігінен ізденіп орысша, арабша оқып, білімін жетілдірген. 1904 жылы Кішік-Тобықты еліне болыс болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыстықтан босатылған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің болысы Біләл Құнанбаевқа кандидат болып сайланған. 1917-1920 жылдары ол Семей өңіріндегі Алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі қызметтер атқарған. Тұрағұл бала жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан Абайдың әрбір өлеңі қай кезде қа