К основному контенту

Абай және Пушкин

       Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.
   Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

       Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.     Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктем

АБАЙДЫҢ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНЕ ТАПСЫРҒАН ЗАТТАРЫ

1. Абай үйінің жиһазы     Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің орыс досы Н.И.Долгополов арқылы қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан заттарын Семей қаласында ашылған өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырады. Олардың ішінде қазақ киіз үйлерінің жабдықтары: түскиіз, алаша, сырмақ, үй ішіне төсекаяқ, жүкаяқ, асадал, қалмақбас; қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: қобыз, домбыра; ұста саймандары: көрік, төс, балға; қару-жарақтар: найза, айбалта, шоқпар, шиті мылтық және кісе белдік, сондай-ақ басқа да түрлі этнографиялық заттар бар. Сол заттардың ішінен Абай тапсырған заттардың он жетісі 1964 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің қаулысы бойынша өлкетану музейінен Абай мұражайының қорына өткізілді.   Бүгінде Абай қорық-мұражайының құнды жәдігері, Абай тапсырған заттардың бірі, ақын үйінің жиһазы – кебеже. Түсім кітабындағы тіркелу нөмірі: КП – 1378, өлшемі: биіктігі – 79 см, ұзындығы – 61 см, ені – 52 см.   Кебеже - қазақ халқының қол өнерінің ішінде, өнер т

АБАЙДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІН КӨРГЕН ҰРПАҚТАРЫ

ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Кеңес Одағында тоталитарлық режим орнығып, ұзақ жылдар сталинизм зобалаңы дәуірледі. 20-30 жылдары Қазақстанды басқарған Н.Ежов, Ф.Голощекиндер жүргізген саясат рухани дамуға көп зиян келтірді. Ең алдымен, сергелдеңге қазақ халқының оқыған зиялылары түсті. Бас көтерер азаматтардың бәрі қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың ішінде Абай ұрпақтары, туыстары да болды.   Тұрағұл Абайұлы (1876 – 1934) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы, ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан сауат ашқан. Кейіннен өздігінен ізденіп орысша, арабша оқып, білімін жетілдірген. 1904 жылы Кішік-Тобықты еліне болыс болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыстықтан босатылған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің болысы Біләл Құнанбаевқа кандидат болып сайланған. 1917-1920 жылдары ол Семей өңіріндегі Алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі қызметтер атқарған. Тұрағұл бала жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан Абайдың әрбір өлеңі қай кезде қа