К основному контенту

Оқырман қоржыны

Қусақ ауылдық округі
Мағауина Айым Ерболқызы
КарМУ  ІІ-курс студенті

                              «Абай жолын» оқыған соң….
                             
                                   Қазақпын деп қалайша мақтанасың
 «Абай жолы» болмаса жаттағаның
Әуезовтың қалдырған мол мұрасын
Жөн болады қастерлеп сақтағаның
                               Барша әлемге танытқан қазақ атын
Бұл романнан барлығын таба аласың
Қолым жетіп осынау төрт кітапқа
Эпопея-романнан нәр аламын

І бөлім Қайтқанда

Қайтқанда жолдың ,
Үшінші күні тым ұзақ.
Білімін алған жас бала келер шын-шыдап.
Байтас пенен Жұмабайға қарайлап,
Абай қойды көкейіндегі мың сұрақ.

                               Келіпте жетті жас бала туған аулына.
Сәлемін берді жиылған, үлкен қауымға.
Қос шеше күтіп қаладан қайтқан баласын,
Сағынып бала, құшақтап сүйді анасын.

Әжеге қарай ұмытылды енді немере,
Құшақтап, жылап, иіскеді оны әже де,
Жасынан алғыр, білімді, озат, ақылды
Ерекше болған әжеге осы немере.

                               Үйіне кірді жас шәкірт  үлкен әженің,
Қымызын ішіп, етін жеп асқан ананың,
Оқыған кітап, өлең, жыр, айтып дастанын
Көрінді сонда , есейген қалпы баланың.

Еркелеп жатқан құшағында әженің,
«Тез жетсін,мұнда» бұйрығы келді әкенің,
Жас бала тұрып, аттанды әке үйіне.
Сүйіндік, Байсал, Жұмабай отыр үйінде.

Сәлем беріп үлкендерге асықпай,
Бүк түсіп жатқан кейде бір бейне асықтай,
Жайғасып келіп отырды есік маңына.
Ешқандай уайым түспеді оның ойына.

Сол кезде кенет інісі келді Оспан да,
Оспаннан асқан тентек жан жоқ бұл маңда.
Жүгіріп келіп, құшақтап іні ағасын,
Қарамай өзге ағадан басқа адамға.

Сүйіндік, Байсал, Қаратай, Бөжей, Жұмабай,
Үлкендер бір іс, бесеуі отыр талқылай
Қайтқалы Құтжан, Қамқа мен Қодар қосылып
Тартқызар жаза ойлады олар осылай.

                              Әкелді ауыл маңына- қайын ата мен келінді.
Түйеге байлап, мойынға ілді темірді,
Қиналған бойы түйенің оң жақ жанында
Өлді де қалды, сол мезет байғұс келіні.

Ойлайма адам осындай, жауыз өлімді,
Шала-жансар Қодардың өңі көрінді.
Көтеріп алып, Қодарды құздан құлатып
Қырық тас алып, қырық ру бірден жабылды.

Көкейін өртеп осы бір көрініс Абайдың,
Көз жұмған Қодар, білді де оның жағдайын,
Атына мініп ,ауылға қарай жөнелді.
Көзінен жасы тамшылап жаны егіліп,
Қамшысын басып, ауылға жетті тебініп.
Әлсіреп қалып, төсекте жатып бір айдай,
Аурудан тұрған Абайдың түрі жеңіліп.

Байтас, Жұмабай-Құнанбайдың сенімді адамдары
Қос  шеше    -  Ұлжан ,Айғыз
Оспан   -   Құнанбайдың тоқалынан туған ұл.
Сүйіндік,Байсал, Қаратай, Бөжей- Құнанбайдың серіктері
Құтжан-  Қодардың ұлы,  Қамқа  -келіні.
                             

                                        ІІ бөлім   Қат –қабатта

Көшкелі жатыр Құнанбай ауылы қыстауға,
Қыстауы Шыңғыс тауының етек жағында.
Қар жаумай тұрып, қамдады халық жүктерін,
Қараша айы отырған еді қыстауда.

Құнанбай қонған қызықты талай қыстауға,
Сүйіндік, Сүгір, Үкімбай, Қаумен, Қараша.
Құнанбай бермей қыстауын өзге адамға,
Дау туып жерге, барлығы кетті таласа.

Қат- қабат болып ,басталды кезең осылай,
Сыйлы да адам еліне бұл кез Құнанбай.
Қыстаудан жер бермеді елге бөлініп,
Қарсы боп оған, төбелес ашты Үкімбай.

Сүйіндік, Сүгір, Үкімбай, Қаумен, Қараша-Құнанбайдан жер  сұраушылар
  
ІІІ бөлім Жолда
Таң атқанмен кеш түседі қарайған,
Табиғатты тамашалап Абайжан.
Келбетіне табиғаттың таңданып,
Талай жырын табиғатқа арнаған.

Есейгелі табиғатты ұнатып,
Ойы жүйрік, бара жатыр қыр асып.
Көкейдегі сұрақтарын талқылап,
Отырады анасымен сырласып.

Бәйбіше мен арасында тоқалдың,
Ара кідік туындайды кикілжің
Басу айтып , тоқтататын оларды,
Ақылына жүгінеді ененің.



Құнанбай да бұл кезде болыс болған,
Бұйрығы мен билігі бірдей қонған.
Жердің жөнін айтысып, арыз беріп,
Бөжей және Байсалдар әлек қылған.

Осылайша жерге де дау туатын,
Ағайынның арасын сөз қуатын.
Мәмілеге келтіріп Зере әже оларды,
Сыртқа шашпай, туысқан боп қалатын.

Әке сөзі бұйрық қой бұл Абайға,
Араласып билікке осы жолда.
Жұмағұлмен аттанып Қарқаралы,
Атасына барады Алшынбайға.

Арасында Бөжей мен Құнанбайдың,
Кикілжіңін Алшынбай талқылайтын.
Алшынбайдың қатысы неде десең?
Құдасы еді Алшынбай Құнанбайдың.

Татулықтың белгісі Кәмшат қызды,
Үш жасында Бөжейге сыйға берді.
Құнанбайдың тоқалы Айғыз сұлу,
Бұл шешімге қорлықпен зорға көнді.

Алшынбай- Құнанбайдың құдасы.
Айғыз   -     Құнанбайдың тоқалы
Кәмшат-     Айғыздың қызы 3 жаста                

                                     ІV бөлім Шытырманда

Жидебайда демалып Абай жатыр,
Татар молда Ғабитхан жанында жүр.
Кітап оқып екеуі талай-талай,
Шығармашылық дамудың шыңында жүр.

 Кітап құмар Абайжан әкесіне,
«Кітап беріп жіберсін маған бірде»
Деп сәлемін жіберіп атшабардан
Кітап құмар, данышпан әкесі де.

Осылайша күндерден күн өтеді,
Жидебайға шақырту жібертеді.
«Серік болсын Абайға Қарабас» деп
Қарашоқыға Құнанбай жөнелтеді.

«Жердің дауын шешсін»деп Құлыншаққа,
Қарайлайды Абайжан Қарабасқа.
Жол қысқартып осылай жеткенінше,
Талай қызық айтылар шытырманда.

                               Басты мақсат бұл дауда-Бетпақ құдық.
Болуы тиіс бұл меншік Құнанбайлық.
Келген кезде Абайдың келісімін,
Қарабастан Құнанбай сұрайды анық.

Риза болып Абайдың  шешіміне,
Сүйіндікке жіберер келісуге.
Қарабасты ерітіп тағы Абай,
Ұшып жетті ауылына желіктіре.

Сүйіндікке ізетпен сәлем беріп,
«Бісміллә» деп алдымен сөзін өріп.
Ас ішіп, үлкен үйде отырғанда,
Абай сөз бастайды, жайын айтып.

Қымыз ішіп, бабымен отырғанда,
Бір сұлу қыз халықтың ортасында.
Сүйіндіктің Тоғжаны айдай сұлу,
Абай көріп ұнатты, байқады да.

Неткен сұлу, әдемі, көрікті едің,
Мұндай ару ғаламнан көріппе едің.
Ғашық болып, әп-сәтте есі кетіп,
Абай неге сезімге ерік бердің?


Осылай ғашық болып Абай қайтты.
Жақсы көріп Тоғжан да қалды қатты.
Қайтқан жолда Тоғжанның жана ағасы
Ербол  атты  сенімді  досын   тапты.

Жетті міне Қарашоқы бауырына,
Күнке тоқал Құнанбай ауылына.
Келген  кезде әкесі тағы жұмсап,
Аттандырды Бөжейдей бауырына.

Бөжейдің ауылына келіп Абай,
Үлкен үйге үн –түнсіз қарай-қарай,
Кірді дағы есіктен көріп қалды.
Әлсірепті Кәмшаты жылай-жылай.

Күйі болмай Кәмшат қыз өлді дағы,
Ана байғұс артында жылап қалды.
Асыраған Бөжейге ажал келіп.
Қара жердің қойнына тапсырады.

Осылайша Бөжейдің қайтқанында,
Хабарлап Құнанбайға айтпады да,
Ру арасы ашылып одан әрі
Шытырманда осылай қалмады ма.

Қарабас-   Құнанбайдың серігі.
Сүйіндік-   Құнанбаймен араз  адам
Тоғжан –    Сүйіндіктің қызы
Ербол-         Тоғжанның алыс туысы.
                     (Абайдың жақын досы)

                                   V бөлім Бел-белесте.

Абай жатыр дем алып Бақанаста.
Бақанастың   суына шомылуда.
Інілерін жетектеп соңына ерген,
Серуендеп жүреді табиғатта.

Атқа мініп, құс салып ара –кідік,
Ербол менен жүреді саят құрып.
Қаршығасын көтеріп ,қолына ұстап,
Қожынына үйрек-қаз алар іліп.

Осылай  дем алып жатқан жігіт,
Әке аулына жетеді жеделдетіп.
Әкесінің қалауын орындауға,
Алшынбайға кетеді құда түсіп.

Өмір өтіп жатады жеделдете,
Абай өмірі есейді бел-белесте.
Отау тігіп, ер жігіт атанады,
Әкесінің көнеді шешіміне.

Ділдә  - Алшынбайдың қызы, Абайдың жары

VІ бөлім Өрде.

Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сені көріп шаттығым тарқамады.
Келбетіңе таңданып қарай берем,
Сыйым көп бір өзіне тартар әлі.

Абайды күйеу еткен Қарқаралы,
Күйеуге қояр міні, бар талабы
30 күн тойын жасап, 10 күн ойын,
Қамтылды барлық дәстүр, салт-санасы.

Алшекеңнің Ділдәсі неткен сұлу,
Абайға қызық еді оны сүю.
Ақ отау ортасында ақ шымылдық,
Қиын ғой Ділдә қыздың, жүзін көру.

Ділдә қыз оңай емес, тік мінезді,
Жар болса да, Абайды жат көреді.
Ділдәнің бойындағы сұлулықты,
Абайжан Тоғжан сұлу деп біледі.

Арада  күндер санап,  ай өтеді.
Таң атып қайталанып кеш кіреді.
Қайтқан соң қайын жұрттан күйеу Абай,
Бар болмысы түгелдей ескіреді.

Қарқаралы әндерін жатқа айтып,
Тобықтының баршасы таңдай қағып.
Ербол менен қосылып ән айтқанда,
Үнсіздікте отырар тыңдай қалып.

Асы да Бөжей байдың тақап қалды,
Жасап жатыр ел-жұрты асқа қамды.
Ат салысып асын да өткерейік,
Абайжан осылайша жөн ұйғарды.

Бөжекенің асына дайындалып,
Бөжей байдың руынан руқсат алып,
Алты қанат он үйді тіккізеді,
Күндіз түні тоқтамай барын салып.

Сойғызып жиырма қошқар, он бес тайын,
Қамдады астың осы барлық жайын.
Қадірлі  қонақтары – нағашы жұрт,
Келді олар алыстан тым кешкілік.

Соныменен дүбірлеп аста өтті,
Абайға нағашылар риза бопты.
Бөжейдің құлатқан соң қара отауын,
Ас ішіп ауылына Абай кетті.

Келгеннен соң үйінде үш күн ұйықтап,
Абайдың барша жұртқа аты шарлап
Осылай Абай жетті биік өрде
Сыйлы   адам атанды ғой барлық елге.
                                 
                                       VІІ бөлім Қияда

Абай өмірі есейді шың,қияда,
Кейде қалады өзгеденде сан қиялда,
Ділдәменен отасқалы үш-төрт жыл
Екі бала келді міне  жанұяға.

Күтіп жүр үшінші бір нәрестесін,
Тұспа-тұс аштық пенен бір келгенін.
Өзіне ұқсап туған, нәрестесін,
Әбдірахман   атады   жақсы көріп.

Өмірден өтіп Зере әже,
Қиналып, қайғы жұтты бұл немере.
Айлар өтіп Ерболмен атқа мініп,
Келе жатыр ауылға, Сүйіндікке.

Сүйіндікттің ұлдары қонақ етіп,
Қайын жұртқа апарар Абайды ертіп.
Қарашаштың аулында Қуандықты,
Барған кезде көреді төркіндетіп.

Қуандық ол қызы еді Қадырбайдың,
Ұғынатын бір демнен ақын жайын.
Абайменен айтысып Қуандық қыз,
Білдіртеді Абайға ұнағанын.

Абай енді оқуға аттанады.
Қиындықтың барлығы артта қалды.
Үш баласын құшақтап Ділдә сұлу,
Қимай-қимай Абаймен қоштасады.

Әбдірахман –  Әбіш 
Қарашаш-   Сүйіндікттің келіні, Тоғжанның жеңгесі.
Қуандық -  Қарашаштың туысы

  Екінші кітап
І бөлім Тайғақта
Інісі бар еді Қодардың Дәрмен деген,
Құнанбайға жер дауын даулап келген.
«Құдайдың жолында емес, Құнанбайдың жолындасың»
Деп Дәрмен Құнанбайға сөзін өрген.

Осы дауда Абай еді арашашы.
Дәрменнің жер жөніне қарасады.
Абай сөзін тыңдаған жер даушылар,
Татулықпен үйіне тарасады.

Ауылына Ерболмен қайтқанында,
Бірнеше ауыл қоныпты жолдарына.
Бекей байдың үйіне арнайы кеп,
Қадырменді қонағы болмадыма.

Көреді осы үйде бір сұлуды,
Шүкіман-  деп аталған Әйгерімді.
Құлпырған күн көзіндей сұлу жүзді.
Бір көргеннен сұлуға ғашық болды.

Әйгерімге ғашық боп қайтқан еді,
Бұл шешімге анасы (Ұлжан)  қарсы еді.
Жиренше мен Оспанды ертіп алып,
Әйгерімдей сұлуға құда түсті.

Тайғақта жүріп тайсалмай,
Тартынбай сөйлер тарландай.
Қабылдап шешім жекеше,
Отауын тікті тартынбай.

Жиренше - Байсалдың немере інісі
Оспан    –   Абайдың інісі

ІІ бөлім Жайлауда.

Ақ отауға қондырып Әйгерімді,
Қонақ қылып шақырған Біржан салды.
Абайдың бұл шешімін жөн санамай,
Ұлжан, Айғыз, Дідәлар қарсы болды.

Қарамай Абай шешіміне аналардың,
Құрметтеп күтті, жас отауда өз  қонағын.
Дідәдан туған  үш баласын  шақыртып,
Бергізді салға батасын.

Жайлауда жатып ,ғашық боп ,отау тікті.
Таң-тамаша күйге енді ел мен жұрты.
Тамашалап серінің бар өнерін,
Үлкен-кіші барлығы қарық болды.

ІІІ бөлім Еңісте
Ақшоқыда Абай салып қораны.
Ол қорасы дауға апарып соғады.
Осы арада Тәкежанның баласы,
Мақұлбайдың аяқ асты қазасы.

Жоқтау айтып қазасына Әйгерім,
Жазып еді Абай оның сөздерін.
Күндер өтіп осыменен арада,
Сайлауы өтті   ояз Тентектің.

Өтіп жатыр Тентектің болыстығы,
Бұл сайлауға Абайжан қарсы болды.
Топты жарып халықтың ортасынан,
Таратып болыстықты жөнге салды.

Ызасы кеп Абайға Тентек ояз,
Сотқа шағым түсіріп, берді арыз.
Қаладағы ауқатты Әлдекенің,
Құтқарды ғой Абайды Салтанат қыз.


Түрмеден осылайша ол шығады.
Арада Михаиловпен танысады.
Екінші сайлауына көмек беріп,
Болыстыққа Абайлар сайланады.

Қиналып   жүріп  «Еңісте»
Жетті  міне    жеңіске.
Талай   ауыр  күн   кещті,
Өмір   атты    теңізде.

Тәкежан- Абайдың ағасы
Мақұлбай-Тәкежанның ұлы
Салтанат –Әлдекенің қызы, Абайға көмек беруші

ІV бөлім Оқапта
Әлдеке бай- Салтанат қызы еді,
Абайға тиіп еді көп көмегі.
Қалада қиналғанда бұл Абайға,
Баспана болған еді оның үйі.

Тұрақтап қалып еді осы үйде.
Айттырылған Салтанат- ол күйеуге.
Бірге тұрып екеуі бір пәтерде,
Қалған еді екеуі жайсыз күйде.

Қаңқу сөз  таралды мына жұртқа,
Түсірмеді сұлуды ақ отауға.
Салтанаттан қызғанып дана Абайды,
Ызы болған Әйгерім және Ділдә.

Бар еді Құнанбайдың немересі,
Есімі ол жігіттің Әмір еді.
Ұнатқан сұлу қызы бұл жігіттің,
Есқожаның баласы Үмітейі.

Білетін Есқожаны Құнанбай да,
Ақылшы аға еді Құнанбайға.
Құда түскен күйеуге қарсы болмай,
Үмітейді ұзатқан Дүтбайға.

Ғашық еді екеуі бір-біріне.
Асық еді ардайым бір көруге.
Жақындап қалған еді Дүтбай менен,
Үйленетін күндері Үмітейге.

Осылай жүріп арада қыс түседі,
Саят құрып, құс салып Абай жүрді.
Әбілғазы, Жиренше, Тұрғанбекпен
Жанында және оның Ербол еді.

Саят құрып жүргенде оларменен,
Сапарларын тоқтатты ауыр халмен.
Абай жатып Тоқжанның ауылында,
Он күннен соң қайтады сауығумен.

Тәуір болып ауылына келген еді.
Қадірін денсаулықтың білген еді.
Баймағанбет қаладан Абайға арнап,
Көп кітаптар әкеліп берген еді.

Мехнат тартты талай ол бұл «Оқапта»
Бұл бөлімге тектен-тек сен қарама.
Қарсы жүрсең өзеннің ағысына,
Асау өзен лақтырар тек жағаға.

Оқап   - қиындық,   мехнат.
ауыспалы түрде:    кедір –бұдыр жер

                                 V бөлім Асуда.

Көктем келіп, жер жүзі жаңарады,
Мал –жануар төлдеді қорадағы.
Шат-шадыман мәз болып бар ағайын,
Өзгеше бір кейіпте ауыл маңы.

Асылбай келген екен ол қаладан.
Жаңалық алып кепті су жаңадан.
Жаңалығы патшаның өлімі еді,
Қасақана патшада қаза болған.

Өліміне патшаның кім себепші,
Белгісіз оны өлтірген кім екені.
Жауап іздеп осынау сұраққа Абай,
Михаиловпен қатысы күшейеді.

Михаиловпен кездесіп Абай қайтты.
Тәкежанның үйіне ол соқпады.
Ренішін білдіріп інісіне,
Өкпелеп інісіне аға қалды.

Шешесінің үйіне түсті міне,
Амандасты шешеге үйге кіре
Орысша оқып келген ұлы Әбіш
Бастады өзгеше бір әңгіме.

Патша осылай арада қаза болды,
Чернышевский ол дағы жазаланды.
Патшаның аяқ асты қазасында
Абай жүрді өмірдің   «Асуында».

VІ бөлім Тарауда.

Балқыбекте  сияз  өтті жаңаша,
Еді   Абай  билік   басында.
Әлеуметтік  теңсіздікті қозғады,
Төбе биі -  Асылбегі    қасында.

Әлеуметтік теңсіздік бай мен кедей,
Халықтың жүреді әркез сөзін сөйлей.
Болыс болып Абайдың қолы ұзарды.
Байланысқа   шығады  Лосовский.

Қадам басып биліктің ел басына,
Әділдікпен ұнады бар халқына,
Алғаш аяқ басқанда болыстыққа
Бай өмірі өтеді бұл –тарауда.

Михаилов –Абайдың досы
Асылбек – Абайдың ақылшысы
Лосовский – Абайдың серігі.
                          
                                    VІІ бөлім  Биікте.
Арада айлар өтті, жылдар өтті,
Абайдың ақындығын халық білді.
Пушкин мен Лермонтов кітаптарын,
Сүйіп оқып, ерекше жақсы көрді.

Орыстың кітаптарын оқыған көп,
Абайды халық жүрді «шоқынған» деп
«Татянаға хат» Пушкиннің шығармасын
Алғаш рет қазақшаға аударған ет.

Арасында Тұрсын мен Сәрсекенің,
Шешімін айтып еді ,малдың жөнін.
Отырып ойнап  еді «тоғыз құмалақ»
Үйінде асықпастан Көрпебайдың.

Баймағанбет арқылы Михаиловке
Абай жазды бір хатын жеделдете.
Хаттың жөні аударма жайы еді,
Татяна әні таралды жерден-жерге.

Өмірі бұл Абайдың биікте еді.
Кітапты-жан азық қып сүйіп еді.
Сан түрлі қызығымен  баурап алған,
Мәдениеті  орыстың , өрен еді.

VІІІ бөлім   Эпилог

«Татянаға хат» таралды ән боп елге,
Жеткен еді ендігі ән шешеге.
Ақындық қабілетін баласының,
Мұхаметжан жеткізген бұл шешеге.

Күндер өтті арада ,айлар өтті.
Абайдың жылқысына жауда шапты.
Шәкірттінің бірі кеп бұл хабарды,
Сәдуахас жетім ұл хабарлапты.

Автор ойын айтқаны қорытындылап,
Абай өмірі өткізді ауыр сынақ
Әуезовтың қалдырған мұрасынан
Мол білімге қалыппын мен сусындап.

Эпилог - автордың шығарма соңында
жазған қорытынды сөзі.


                                        Үшінші кітап
І бөлім Абай аға
Көшеді қазақ ауылы мезгілімен.
Көшудің міне тағы кезі келген.
Абайдың ұрпақтары ақын болып,
Өлеңменен астарлап сөзін өрген.

Келеді жігіттермен Абай ақын,
«Еңілік-Кебек» зираты жатыр жақын.
Шәкіртінің біреуі Дәрмен тұрып
Ерекше ғашықтарға дұға қылған.

Абайдың өлеңі еді ол дұғасы,
Ғашық жыры «Көзімнің қарасы»
Абай да риза болды бұл Дәрменге
Шәкіртінің тапқырлығын  қарашы!
  
                                   ІІ бөлім Кек жолында

Елге қайтып келгелі Базаралы,
Жігітектің барлығы қонақ қылды
Ырғызбайдың ішінен Абай ғана
Құрметтеп ауылына шақырады.

Әйгерімнің отауы қонақ күткен.
Мағаш, Дәрмен, Кәкітай, Көкбай келген.
Ән айтып, сауық құрып ақ отауда,
Көңілдерін көтерді олар көптен.

«Айттым сәлем Қаламқас» Абай әнін.
Шырқап Дәрмен барынша салып мәнін.
Әйгерімнің сыңғырлы үнін естіп,
Кіргізді отырыстың сұлу сәнін.

Базаралы өз жайын айтты енді,
Қиындықтың барлығын айтып берді.
Базаралы қамауға алынғалы,
Тәкежаннан ауылы қорлық көрді.

Дәркембай шал үйіне Базаралы,
Тәкежанның қорлығын айта барды.
Дәркембайдың інісі Көркембайдың,
Баласы  Дәрмен жайлы хабарлайды.

Абайдың жанында жүр, тәрбие алып,
Сусындап өнеріне барлық халық.
Дарынды шәкіртінің бірі болып,
Абайдың өміріне болған қанық.

Дәркенбай шал, Базаралы көп  ойланып,
Ақылдаса, бір шешімге сөз  байласып.
Сегіз жүз  жылқысын Тәкежанның,
Алып келді ауылына айдатып.
  
Барымталап алған жылқыларын,
Кедей –кепшік, барлығына таратып.
Соғымға сойып алып тең жартысын,
Қалғанын жіберді олар сатып.

Базаралы жазаға тартылсын деп,
Арыз берді Тәкежан Семейге кеп
Мың алты жүз  жылқыны Жігітектен
Алдырды сот арқылы құнын төлеп.

ІІІ бөлім Қарашығын.

Көктем келді,
Жаңарып, дала гүлдеп,
Қуанып, асыр салған бала-бөбек.
Барлыбайда отырған Абай ауылы,
Бүгінгі тіршілігі, жайы бөлек.

Ауыл іші у-шу боп қуануда,
Келе жатыр Әбішжан ауылына.
Келмегелі ауылға  екі жылдай,
Ата- анасы Әбішті сағынуда.

Ақылбай, Дәрмен, Кәкітай,
Әлмағанбет және Көкбай,
Әбішті қарсы алуға аттанады,
Қуанып, бір орында тұра алмады.

Абайдың Оспан атты інісі бар,
Асырап бала алған Ақылбайдан.
Әубәкір мен Пәкизат қос баласы,
Басқалардан ерекше артық қылған.

Әбіш келіп ауылына көптен күткен,
Амандасып әуелі алды жұртпен.
Абай мен Әйгерімнің үйіне кеп,
Ән бастады өзгеше, әсем үнмен.


Скрипка үні естілді осы тұста,
«Стенька Разин», «Ермак», «Бродяга»,
Тартылып әсем әндер кезек- кезек.
Құлақ түрді барша жұрт бұл тылсымға.

Оспан үйі, Еркежан отауында,
Еркежан мен анасы отыр Ділдә,
Келесі күн осы үйге Әбіш келіп
Көңіл айтты Ұлжан шеше қазасына.

Осы отауда Әбішжан тұрақтады.
Екі күн Оспанда қонақ болды.
Қайтар күні анасы Ділдә келіп,
Әбішке арыз айтып, сыр ақтарды.

Әбішке үйленуге ой салады,
Махмұт қызы Мағрипа ұнатқаны
«Қаласаң осы қызды аларсың» деп
Әбішке сұлу жайлы сөз қозғады.

Мағрипа қыз он жеті келген жасы.
Қарақат көз, қиылған екі қасы.
Ноғайдың ішіндегі қас сұлуы,
Махмуттың жалғыз қыз, қарлығашы.

Қызылқайнар,
Абай ауылы,
Көршілес Қарабатыр, Әнет қонды.
Бүгін түсте осынау бес ауылға,
Кедей-кепшік басына апат болды.

«Недоимке», «Қарашығын», «Түндік басы»
Кедейдің барлық малын тартып алды.
Бес ауылға бір күнде келіп қонған,
Үш түрлі апат осылай аталады.
                               Әубәкір, Пәкизат-Ақылбайдың балалары Оспанға берген.
Ақылбай-Абайдың ұлы
Еркежан- Оспанның әйелі.
Мағрипа-Махмуттың қызы.

ІV бөлім   Өкініште
Сахарамен қаланы салыстырып,
Әкесі мен баласы ұзақ отыр.
Бөтенірек жанында үш жігіт бар,
Әбішке Абай отыр таныстырып.

Бұлардың келген жайы, ұрлық дауы,
Ұрыны жазалайды Мыңжасарды.
Ұрлықтың дауын айтып Абай аға,
Асықпай, ақылымен талқылайды.

Мағаш, Дәрмен, Кәкітай, Ақылбайлар
«Қоңырәулиеге» әкелді Әбішті ертіп.
Сылтауратып келгенде мақсаттары,
Көрсету Әбіш жанға Мағрипаны.

Мағрипаны көрсетіп келген еді.
Махмұт аулы оларды баппен күтті.
Ғашық болып екі жас бір-біріне,
Қарай берді қадалып жүздеріне.

«Қоңырәулиеден» қа»тады жас жігіттер,
Дүрсіл қағып соғады жас жүректер.
Қайтқанында ғашығын қимай Әбіш,
«Алып кетем қалайда» деп сертін берер.

Осылайша ауылына келіп еді.
Басталыпты Оразбай, Оспан мәселесі.
Семейге шақырту кеп сот жайында,
Абай, Әбіш қалаға кеткен еді.
  
V бөлім    Қақтығыста.
                               Келді міне Әбішжан (жазғы) демалысқа,
Абай ауылы отырған Ералыда.
Әкесінің жанында үш күн болып,
Ортақтасты әкенің бір мұңына.

Өткен қыстың басында қаралы жай,
Қаза болған ауылда Оспан ағай.
Жидебайда Еркежан ауылында,
Ем таба алмай көз жұмды ауруына.

Зор денелі адам  еді  болмысынан,
Осы дерттен соңғы жыл толықсыған,
Қызуы көтеріліп маза бермей,
Ес- түсін білмей, сандырақтаған.

Ақшоқыдан жол тартқан Жидебайға,
Қабар жетті қос атпен бұл Абайға.
«Оспан інің көз жұмды, сабыр ет» деп
Естіртті бұл қабарды ұзақ жолда.

Бар еді Оспанның үш әйелі.
Еркежан алдыменен бәйбішесі.
Өмірбай қажы қызы Зейнеп пенен
Торымбала осымен үш әйелі.

Келгенде Әбіш бала Ералыға.
Жоктау айтып отырған отауында.
Үш әйелдің ішінде Зейнептікі,
Өзгеше, бөлек еді бір тамаша.

Әбішті шақыртуы басты себеп:
Қайғырған Абайды жұбатар деп.
Дәркенбай шал үйіне шақырады,
Ауылдың балаларын оқытар деп.

Күз келді айналаға.
Ауыл көшкен Ойқұдыққа.
Кедей ауылы егін еккен,
Егіні де әдемі пісіп жеткен.
  
Дәркембай, Базаралы, Абылғазы,
Тұратын осы кедей ауылы
Кедейдің балалары егістіктен,
Ұрлап жүр піскен бидайларды.

Бидай ұрлап қайтқанда балалары,
Көреді бір топ арба орыстарды.
Бидайды көре салып таң-тамаша,
Ұсынады нан мен сүт айырбасқа.

Ата-анаға көрсетіп орыстарды
Егістікке апарды Федор, Афанасты,
Әйелдері Дария мен Феклажан
Қазақтың еңбегіне таң қалады.

Егістікте әдемі, қорғауға алған,
Осы жерге Тәкежан жылқы баққан.
Жылқылары бір түнде егістікті,
Жейтінін-жеп, быт- шыт қып талқандаған.

Дәркенбай шал жылқыны айдап келген,
Тәкежан да соңынан қуып жеткен.
Тәкежанды сояды көк-алағып,
Екі ауылда қақтығыс болады анық.

Қақтығысты басуға Абай келді
Ысқақ ,Шұбар Абайға сәлем берді
Ақылдасып үшеуі ойланып кеп,
Кедейлерге    отыз   ат сыйға берді.

Абайға атшабарлар хат әкелді.
«Сотқа тез, ат жүгіртіп келсін» депті.
Жеті-сегіз күннен соң Әбішке кеп,
Мағрипаны айтады Өтегелді.

Осылай екі жас кездеседі.
Бір-бірін сағынысып олар көрді.
Ауруын айтты Әбіш осылайша,
Бұл жағдайға Мағрипа дереу көнді.


Құда түсем Оспанның жылдығынан,
Ноғайдың ауылына күйеу болам.
Серт етіп Әбіш кетті сұлуына,
Тезірек Мағрипа жан енді қамдан.

VІ бөлім     Қоршауда.
Оспанның жылдық асы өтті міне,
Салар енді мал-мүлікін бөліске
Үш әйелін Оспанның –үш ағаға,
Ойлайды Қаражан мен Мәніке.

Еркежан, Зейнеп, Торымбала,
Қосады Тәкежан, Ысқақ, Абайларға.
«Тимеймін деп ешкімге Еркежаны»
Бұл бөліске қарсы еді ұлы Абай да.

Абай, Ербол, Көкбай,
Баймағанбет, Мағаш, Дәрмен,
Қарамолаға үш күнде әзер жеткен.
Шақыртады Абайды соттасуға,
Кәкітай мен Әбіш бар бұл ауылда.

Абайға оң қол жинап ауылынан,
Соттатпай, пікірменен ақтап шыққан.
Кәкітай, Әбіш, Павловтар
Олардың ақылы еді бұл ойлаған.

Қыс түсті. Соғымның уақыты еді,
Ауылға Мағаш, Дәрмен қоса  келді.
Мағаштың шығармасы «Медғат Қасым»
Дәрмен жыры «Еңілік-Кебек» еді.
«Алысқа ұшар құсым, шәкіртім» деп
Дәрмен жайлы сонда Абай ойлап еді.
                              Қаражан-Ысқақтың әйелі
Мәніке    -Тәкежанның әйелі
Мағаш     -Мағауия Абайдың ұлы.
Дәрмен    - Абайдың шәкірті.

                                Төртінші кітап
І бөлім Түп –түнекте.

Семей өңірі. Слабодка ауылы.
Ауылда оба дерті таралады.
Күніне бірнеше адам қаза тапса,
Табысқа кенеледі молдалары.

                              Жаназасын сұраса мал сұраған.
Қонағасын берсе де малды ойлаған.
Жылдық асы өткенше сол үйлерден,
Арам молда кедейден жан қоймаған.

Дертті естіп ауылға Абай келді.
Жәбекен, Дәметкен үйіне түсті.
Сары молданы шақырып Абай сонда,
«Ақшасыз аруақтарды жөнелт» деді.

Сары молда Абайдың айтқанымен,
Ақшасыз жаназаны жөнелттірген.
Жұрттың бәрі молданың ар жағында,
Ұлы Абай тұрғанын олар білген.

Абайды Әбіш, Мағыш іздеп келді.
Ауылдың хал-жағдайын енді көрді.
Сары молданы бауыздап қанжарменен,
Арам  молда осылай жеңіске жетті.

Молданың өліміне тергеу жүрді,
Тергеудің нәтежиесі табылмады.
Молданы құрбандыққа бергелі,
Ойлады жұрт дерт дереу басылғаны.

Мерезден енді Жәбікен қаза тапты.
Сол үйге Абайды іздеп Дәрмен барды.
Ауылды жайлап алған ауру, індет,
Біртіндеп, жайыменен басылады.

Абайдың өмірі еді түн-түнекте.
Ауыр соққы тигізді бұл жүрекке.
Аурудан көзі ашылды ауыл, халық,
Ден қойды, мойын бұрды енді еңбекке.


Жәбікен, Дәметкен- Абайдың таныстары
Сары молда-  адал, Абайдың сөзін жақтаушы
Арам молда- қара басының қамын ойлап, мал жинаушы
Мағыш- Мағрипа.
Оба- өте қауыпті, қатерлі жұқпалы ауру, індет.
Мерез- денені ірітіп-шірітіп жіберетін аса жұқпалы ауру.
  
ІІ бөлім   Құз-қияда.

Әзімбайдың қызы бар Мәкен атты.
Шалқардың ұлы Дайыр айттырады.
Ғашық еді Мәкенге Дәрмен жігіт,
Дәрменге де Мәкен қыз ынтық бопты.

Қалың малы төленген бойжеткеннің,
Дайырды бірақ сұлу жек көретін.
Екеуі қашып жүріп ең ақыры,
Түбіне жасырынған жыр Ертістің.

Сотқа арыз жазды ғой Семейдегі,
Мағрипа мен оларға Әбіш келді.
Орысша білмеген соң тілмәші боп,
Әбішжан екі сотта жеңіп шықты.

Мәкен мен Дәрмен жігіт шын қосылды.
Жуырда ақ ордалы отау құрды.
Әбіш кеп Абайдың ауылына,
Сырқат жайлы алдымен хабарлайды.

ІІІ бөлім  Қапада
Дәрменнің әкесі-Дәркенбай,
Көп болды бұл байғұс ауырғаны-ай
Күндердің бір –күнінде осы дерттен.
Айықпастан көз жұмды, қаза тапты-ай.

Ақылбайдың көмегімен қонақ асы,
Келіп жаты жаймен елі, халқы.
Абайға телеграмма келді Алматыдан,
Шақыртады Әбіші Мағрипасын

Аттанады Мағрипа Алматыға.
Жауап күтер Абай да хаттарына.
Келеді хаттары Әбішжанның,
Бірі кеші, екіншісі уақытында.

                                Абайдың уайымы   арта түсті,
«Әбіштің дерті» еді жанға батқан.
Алматыға Әбіштің көңілін сұрап,
                                Жыр дүлділі -  Жамбыл барды.

Өмірден өтті Әбіш Алматыда.
Одан ауыр Абайға қаза барма.
Жеткізе алмай сүйегін  Ақшоқыға,
Сақтап қойды уақытша Алматыда.

Туған жерге жерледі Ер Әбішті.
Қыршынынан қиылған жас ғұмырды.
Жоқтау айтып артында,
Жан жары мен Рахилла қызы қалды.

Рахилла –  Әбіштің кішкентай қызы.
  
ІV бөлім   Қастықта
Тобықты мен Көкеннің арасында
Бітіспес жер жөнінде дау туады.
Бастақ пен Құлжатай Көкен руында
Сәлмен, Жиренше, Әзімбай ол –Тобықты.

Оразбайдың атқосшысы Қиқым деген.
Абайларды артынан аңдып келген.
Ақылбайдың керемет аты болған,
Тұлпарлардың ішінде бәге екен.

Сол бәйгені Әзімбай сұрап алған.
Көрген оны барлығы Оразбайдан.
Оразбайдың атшабары  қараниет,
Бәйгені еш қаймықпай мініп алған.

Тоқтатып кеп Ысқақ Абайды,
Келінінің ауырғанын айтады.
Аттап  кірген босағадан Абайды,
Көрген бете Мағыш келін, бұл дүниеден қайтады.

V бөлім   Шайқаста
Көмбике ауылы.
Абайға қаңқу сөз ерген.
Паромда жастар да
Дүрбелеңнің куәсі,
Ақ пейілді  Девяткин:
Халықпен бірге, Абайды ақтап бәйек болған.

Қастық қылған Оразбай, Қиқым еді.
Бүр түнде дүркіретті олар елді.
Ашынған халық Оразбайдың ауылын,
Мал-жанын, дүние-мүлкін талқан етті.

Абайдың поэзиясы жанданғанды
Құрметтейді Абайды барша халқы,
Абайдың өлеңдерін жатқа айтып,
Тербейтін сол әндермен той-думанды.

VІ бөлім    Жұтта.
Аралтөбе қыстауы.
Абай мен Әйгерім сонда тұрды.
Ақшоқыда Мағаш, Ділдә, Нұрғаным,
Оларға Мәкен-Дәрмен көрші.

Абайдың немересі сауаттанған.
Оларға Хасан молда сауат ашқан.
Талдыбұлақ Ақылбай қыстауы еді,
Осылай жеделдетіп қыста келді.

Жайқалған  Семей өңірі…
Тарбағатай! Ақбота!
Көкбекті мен Дегелең !
Ел ісімен араласып Мағаш жүрген.
Абай ата ауылына,
Сапарбайдай   жолшы келген.

Сапарбайдан Мағашжан хат жіберген.
Хатында дерті жайлы жазып берген.
Хатын оқып сол мезет Дәрменді ертіп,
Семейге жеделдетіп Абай келген.

Мағаштың дәрігері Павловқа
Жолығып хал сұрады Абай аға.
«Мағашты тыныш жерге алып, кет» деп
Нұсқау берді ауылға Павловта.

Ұлы менен әкесі сырласады.
Әкесін ұлы енді жұбатады.
«Мен өлсем, жұбататын сізді кім бар»
Деп ұлы – асқар тауды жылатады.

Сол жылғы қыс қатты еді.
Қалың қар жауып жатыр жерді
Төрт түлік жайылымға шыға алмай,
Қазаққа осы жылы «жұт» келеді.

Байтұяқ құлы еді бұл Ділдәнің
Жасамай қойып еді оның қамын.
Ауырып көз жұмады шыға көктем,
Кедейдің күні құрысын, мұндай неткен.

Бұл жылы Ербол менен Базаралы,
Ауырып, олар жұттан қаза болды.
Айтылмаған Абайға достар жайы,
Абайға ауыр еді, үлкен қайғы.

Осылайша арада күндер өтті.
Мағаш та бұл дүниеден өтіп кетті,
Жетісін бергенінде Мағаш ұлдың,
Қалған еді әке Абайдың құл сүлдері.

Ұлжан ана бейіті төрт құлақты.
Ішінде немересі Әбіш жатты.
Мағаштың бейіті тұр дәл жанында,
Кіргенінде (бейітке) қартайып Абай шықты.

Мағаштың қырық күндік асы жетті.
Тамылжыған жайдары жазда келді.
Осы күні өмірден мәңгілікке.
Қош айтысып ұлы Абай-ақын кетті.

Эпилог.
Әжесі Зере,
Анасы Ұлжан бауырында,
Ержеткен Аабай еді-алғыр бала.
Ал қазір Оспан іні бейітінің
Жанында бейіті тұр Абай аға.

Жоқтап отыр Абайды Әйгерімі
«Қос қоңырым» деп жоқтар Зейнеп енді.
Екі жардың жоқтауын жазып алған
Дарынды шәкіріт Абайға –Дәрмен еді.

Ұлы дана, ұлы ақын Абай ата.
Қарсы тұра алмады бұл қайғыға.
Ұлы тұлға көз жұмды сол мезетте,
Қалдырды ғой меніде терең ойға.

Қиналып, күрсінген ем мен осылай,
Қапаландым  сол кезде  ей, досым-ай.
Қазақ болып туғасын оқы сен де,
«Абай жолын» алдағы еш қалдырмай.

Абай ұлы қазақта, Абай дана.
Атқан таңдай сәулесі арайлана.
Ақындығын пір тұтып, ұлылығын,
Бас иемін мойындап, қалай ғана.

Абай ақын данышпан сөз зергері,
Ойын айтқан көкірек безбендегі.
Дараланып тұлғасы тұр әлі де,
Шыңғыстаудың шыңындай боз белдегі.

Өлең-жырмен өрілген ойлы арманы,
Абай жырдың тәңірі, пайғамбары.
Адамзаттың атанды данышпаны.
Ұлы ақынға Ұлы Абай айналғалы.

****************
 Абайға арнау
Қазақтың дана ақыны ұлы- Абай
Оқыдым өлеңдерін еш қалдырмай
Қара сөзбен дастандарды жазатын
Ақыны ол, бақыты-ол қазақтың

Абайдың оқыдым мен өлең сөзін
Сол кезде пайда болды маган сенім
Абайды оқығанға қуанамын
Алдым мен, көп ізгілік, барлық ілім

Жеке әлемі – қара сөзі, өлеңі
Ақынның ол ешкім білмес өнері
Бар өлеңі ізгілікпен басталған
Адамзаттың тәлім алар көмегі

Қазақ елі ұлы абаймен мақтанады
Даналығы әр сөзінен жатталады
Бүкіл әлем өлеңіне тамсанып
Таңдай қағып, мәңгіллікке айта алады.

Кәрібай Құралай
Жидебай ауылдық округі,
 Сәуле ауылы

****************

Абай рухымен сырласу

Ұлы Абайым,
Мен сенімен,жырларыңмен біргемін.
Сусындаймын,
Ақылыңмен жайқалған бір гүлдейін.
Сын сағаты,
Соққан кезде жан тәніммен жүгіне,
Құлақ түрем
Жол нұсқайтын жырларыңның үніне.
Сен данасың,
Даналықтың тізгінін нық ұстаған.
Адам сірә,
Адам болмас Абай сырын ұқпаған.
Мағанда бер,
Мінезіңді қазақ үшін жылаған.
Сонда ғана,
Қиыр жолдан адаспастан жүре алам.
Мағанда бер,
Махаббатты жан тәніңмен құптаған.
Мен де өзіңдей,
Жат көздерден сескенемін,сақтанам.
Мағанда бер,
Жырларыңды тек шындықты шайқаған.
Мен де өзіңдей,
Өмір бойы тек шындықты айта алам.

Сәмет Назым
Жақып Ақбай атындағы ЖОББ мектеп
Қараменде би ауылы

****************
Даналық дариясы

Өмір деген бір кітапқа үңілдім,
Жақсылығын үйреніп жамандықтан түңілдім.
Оқыдым да Абай деген дананы,
Өмірі мен ұлылығын ұғындым.

Алла жазып ақынға бір бақ берген,
Ұлы болып шықты Абай қуатты елден.
Топырағынан нәр алып даласының,
Тамыр жайды әлемге қуатты емен.

Даламыздың аңызы жыр-дастаны,
Абай мәңгі ізгіліктің бастауы.
Абай деген дарияны мәңгілік,
Мүмкін емес адамзаттың ластауы.

Сәмет Назым 
Жақып Ақбай атындағы ЖОББ мектеп 
Қараменде би ауылы


****************
Қазақ рухы асқақ тұр Абайымен

Жыр жазбаған аузына елін алмай,
Қызмет қылды халқына белін жазбай.
Табиғатпен тілдескен жүрегі сыр,
Сұхбаттасып жататын бөліне алмай.

Қара сөз, қара өлеңмен түйін түйген,
Үндесіп заманымның күйіменен.
Абыз Абай ақиқат аспанында,
Руханият боп табысқан дүйім елмен.


Адалдықтың айнымас үлгісіндей,
Ол бүгінде талайға пір мүсіндей.
Әр өлеңі бүршігін жарған әлем,
Жаттап өскен ұрпақпыз бір кісідей.

Ақын жаны жатқан бір жаратылыс,
Әр сөзінен ашылар жаңа тыныс.
Ақын жүрек дегенім махаббат қой,
Сол іліммен бекиді қанатымыз.

Ақ қайнардай бұлқынып толғайды өлең,
Бабам салған ізбенен қалмай келем.
Қазақ барда Абайдың рухы асқақ,
Қазақ рухы асқақ тұр Абайымен.

Қарағанды облысы 
Ақтоғай ауданы 
Қараменде би 
ауылы 
Жақып Ақбай атындағы ЖОББМ


***************

Абай 

Абай-ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың сыршыл ақыны, қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алған, реалистік жазба әдебиетінің атасы. Абай есімі-қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани жаңғыруының, әділдіктің символы. Абай теңдесі жоқ кемеңгер ойшыл, ақындығымен қатар аса дарынды композитор болған. «Қараңғы түнде тау қалғып», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», Айттым сәлем, каламқас», сияқты т.б өлендеріне шығарған әндер халық арасында кеңінен тарап, үнемі айтылып келеді. Абай атамыз халық мүддесі үшін күресіп, елді, жастарды адал еңбек етуге, өнер үйренуге, білім, ғылым жолына түсуге шақыруды мақсат етіп, өмірін осы жолға арнайды. Жастарды білімге шақыруға байланысты туған өлеңдері: «Ғылым таппай мақтанба», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» т.б. Абай өлеңдерінде адамдардың әр-түрлі мінез құлқын, психологиясын ашып көрсету шеберлігі жағынан үздік шығармалар қатарында «Бөтен елде бар болса», «Сабырсыз», арсыз, еріншек өлеңдері тұр. «Жазғытұры» өлеңінде елдің кең далада, табиғат аясында бой жазып, жаны жадырап отырған кезін бейнелеген. «Қыс» өлеңінде аязды боранды ақсақалды шалға, жанды нәрсеге теңеп ұштастырып керемет жазған. «Күз» өлеңінде әлеуметтік теңсіздікті ашып көрсетеді. Ақынның назарынан махаббат, достық тақырыбы да тыс қалған жоқ. Сыршыл ақынның өлеңдерінің ішінде жүрегіме жақын тиген өлеңі: 

Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бұл өлеңінде қаншама астарлы мағыналы ой жатыр. Сөздің патшасы өлең екенін айтқан Абай қаншама еңбектер жазып ерінбей, жастарды білімді, ішкен асына адал болсын деп халқына сіңірген еңбегі зор. Абайдың аты қазақ тарихында алтын әріппен мәңгі сақталады деп мақтанышпен айта аламыз. Ұлы ақынның шығармалары дүние жүзінің көптеген халықтарының тілдеріне аударылып, кеңінен тараған. Бізге соқпақ жол салып кеткен ақын. Біз сол соқпақ жолмен адаспай тура жүріп, қайсар білімді, ақылды болуымыз керек. Менің осылардан түйген ойым адамды қор қылатын үш нәрсе бар олар әуелі-надандық, еріншектік, залымдық адам осылардан қашпақ керек. Оларды адам бойынан аулақ ұстаса сол адам нағыз мұсылман. Шығармамды мына өлең жолымен аяқтағым келіп отыр: 

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді тілі оранды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін, - деп айтқандай өлеңді ермек үшін жазған жоқ, оқысын үлгі алсын, бізді өлеңдерімен сусындап бойымызға сіңіріп өссін, деп жазған. 

Лах Айдана,
 9-сынып оқушысы, 
Айыртас ауылы, 
Ақтоғай ауданы 

****************
Абайды оқығанда 

Абай – қазақтың ұлы ақыны. Абай жырларын жатқа оқып жүргеніме үшінші жыл болып қалды. Әрине, арнайы тапсырмамен. Соңғы жаттағаным – «Болыс болдым мінеки» өлеңі. Керемет әсер етті: 

Болыс болдым, мінеки,
Бар малымды шығындап.
Түйеде қом, атта жал,

Қалмады елге тығындап. Мысқылға толы бұл өлеңінде болыстың портретін бейнелеуге неше түрлі сарказм, теңеу, салыстыруларды қолданады. Күні бүгінге дейін мағынасы артпаса, кемімеген өлеңдері халық арасында мақал болып та таралған. Абай ақындығын түпсіз терең мұхитқа теңесем қателеспеген болармын. М. Әуезовтің «Абай – қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атауы жайдан-жай емес. Ол қарасөздерімен де қазаққа дес бермеген ақын. 

«Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңі өмірімнің келешек бағдаршамы тәрізді.
Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Ақылың мен еңбегің екі жақтап... Білімімізбен әлемдік деңгейде көрініп, қатардан қалмау керек болып жатқан заманда, шынымен, өзіңе сенбегенде кімге сенерсің. Абай дегенде, керемет болмаса да мына бір ойлар көңілімнен өріліп шықты: 

Абай ата, сіз ғажап жансыз,
Қазақтың көкірек көзін тазартқансыз.
Ойларыңа бас иіп тамсанады,
«Абайды оқы» деп әлем жар салады.


Ұлдахан Меруерт 



Ақтоғай ауданы, 



Айыртас ауылы 



9-сынып оқушысы



****************

Ұлы Абайға - 170 жыл. Қанағат қарын тойғызар 

    Адамда қанағат болу керек. Қанағат болса бәрі де болады. Нәпсіңді тыю керек. Адамның жағдайы болмаса да, кейбіреулер қызыққа еріп, көрген затын алғысы келіп, ата-анасына жалынады .Кейбіреулер өзі тойса да көзі тоймайтын ашкөз болады. Олар барлығы менікі болсын дейді.Оларда қанағат жоқ. Өз нәпсімізге ерік бермеуміз керек. Іші тар ашқарақ, қызғаншақ адамға ешкім жоламайды. Оны сыйламайды да. Адам зұлымдық пен қанағатсыздықтан сақтану керек. Жұмақ қақпасы ниеті теріс адамдарға ашыла бермейді. Адамның көзіне құм құйылғанда тояды. Көз нәпсісін тыйса, барлық жамандық жойылады. Аристотель осыны айтқан. Нәпсіңе ерік берсең, көзінді шел басып ештеңе көрмейсің. Барлығын ұмытып, тек байлық, атақ-даңқты ойлайды. Сондықтан нәпсіні мықтап ұстап, уысынан шығармау керек. Ескендір ұстазының арқасында қанағат –қарын тойдыратынын түсінді. Көрсеқызар жалмауыз болмау керектігін,тек жақсы нәрсе ойлап, жақсы іс істеу керектігін түсінді.Өзін ғана емес басқаны да ойлау керек.Сонда сені барлығы жақсы көреді. Ескендірдін пайғамбар болуына ұстазы Аристотель себеп болды.Барлығына тәуба, шүкірлік қылу керек. Біз қанағатсыздық, сабырсыздық, жалқаулық,қызғаншақтық секілді күллі қасиеттерден ішкі дүниеміз бен жүрегімізді тазартып олардың орнын көркем қасиеттермен толтыру керек. 
     Абайдың «Ескендір» дастаны мені осындай ойларға жетеледі.



ЛАХ АЙДАНА
9-сынып, 
Айыртас ауылы, 
Ақтоғай ауданы 


****************
АБАЙҒА АРНАУ


Көкірегі ояу, ашық жанға зердесі,
Дана Абай – жамандықтың пердесі.
Жырларынан маржан теріп аңсаған,
Тағат табар Жаратқанның пендесі.

Кезген кезде сабыр таппай ойларың,
Кір шалғанда беймазамен бойларың.
Сүрінгенде сүйеу болып, іздерсің
Сусағанда Ұлы Абайдың жырларын.

Басып өткен замананың белесін,
Шырқау шыңнан жарқырайды елесің.
Хакім болып айтқан жауһар ойларын,
Ғасырлардан аттап өтіп көресің.

Меруерт Ұлдахан, 
Айыртас ауылы, 
Ақтоғай ауданы.


****************        
               Мықты ақын.

Жыр жазған әр алуан талай-талай,
Солақай заманға да қарайламай.
Елі үшін еміренген ерлер ғой бұл,
Әлихан,Шәкәрім мен Абайлар-ай.

Жырлатұғын ерлік пенен елдікті,
Жырлайтұғын теңсіздік пен теңдікті.
Бар ақынның бас ақыны бір өзің,
Бар ақыннан Абай ақын сен мықты.



Абай жолы



Ұлы Абайдай тумас ақын қайтадан,
Бүгінгі ғасыр бұрын оны болжаған.
Бүгінгіге сол айтқаны дәл келіп, 
Тәуелсіздік туы мәңгі орнаған.

Тәуелсіздік алған елміз кешегі,
Небір дана өткен небір шешені,
Тәуелсіздік ел арасында кең жатқан,
«Абай жолы» ақын саған кешегі.

Ұлы Абай

Бар әлемге танымал Ұлы Абай,
Ұлылықты жазбайын менде қалай.
Абай жайлы Мұхтар менен Кәмен жазып,
«Абай жолын» жалғаған ақын талай.

Ұлы Абай деп бар қазақ мақтанады, 
Өлеңдері ауызда жатталады,
Кеңес берген әркімге «қара сөздер»
Жүректерде мәңгілік сақталады. 

Абай ағаға.

Ақындықтың тарланының бірі едіңіз,
Жалындап жанып тұрған жүрегіңіз.
Халықтың жоғын жоқтап, барын баптап,
Халықтың көз алдында түледіңіз.

Салт сана ақындықты дарыттыңыз,
Халықтың мүдделерін алып нығыз.
Болыстарды сынаған асыл сөзін,
Айтылғандай халыққа күні бүгін,

Абай – ол қазақтың баласы,
Сыйлайды,құрметтеп данасы.
Абай қазақ жүрегінің түбінде,
Сақталады бейнесі мен тұлғасы.

Абай сөзі әр ауызда жатталар,
Абай аты жүрегімде сақталар.
Қазақ деген даналардың ойынында,
Ибраһим – Абай деген ат қалар

Ақын ағама.

Балалық кезіп балғын ғаламымды,
Жан аға қолға алдым қаламымды.
Жырлаймын жыр әлемді шабыттанып,
Жебеші аға,рухыңмен талабымды!

Жас қанат қиялым бар, арманым бар,
Шақырып тұр асулар, биік шыңдар.
Өзіңдей ақын болсам, мен де аға,
Халқыма жыр арнап, ел есінде қалмаймын ба!

Жыр етем шуақ шашып, нұр елімді,
Шарлаймын кең байтақ әлемімді.
Жан аға жорымашы балалыққа,
Шын көңілмен өлең жазған әлегімді.

Нүркен ауылдық модельді кітапхана
Абай Құнанбаев
Арнау
Әбділдә Толғанай.
10-сынып
****************

Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналып шығарылған
(Арнауды жазған 7-ші сынып оқушысы,
Шашубай кенттік үлгілі кітапхана оқырманы
Алишер Бөкен)
1.Батырсың сен, ақынсың сен, ерсің сен,
Өз басыңды ұмытыпсың ел десең.
Болашаққа даңғыл жолын сыйлаған,
Өлеңдерің баға жетпес сый маған.

2.Мәрт мінезің бойға қуат берген-ді,
Мұра тастап ұрпақтарға ертеңгі.
Жазған жырың жәдігер боп сақталып,
Болашаққа алтын кілт боп келген-ді.

3.Сағынамыз, біз әлі сағынамыз,
Уақыттың ырқына бағынамыз.
Енді ұққандай сөздердің от ұшқынын,
Енді ұққандай өлеңнің шын достығын.

4.Жастайынан зерек болған, өз тұрқымен ерекше,
Ішкен асын жерге қойған білім, ғылым, ел десе.
Қатал заман ызғарында шамшырақ боп жағылған,
Сенің бейнең өшкен емес, ешқашан да тарихтан.

5.Абай ата, өзіңізге сыр ашам,                       
Өлеңіңмен талай–талай қыр асам.
Сенің өзің болмасаң да өмірде,
Оңашада өлеңіңмен сырласам.

6.Өшпес мадақ өзіңізге жараған,
Жарық жұлдыз өшпес әсте санадан.
Алатаудың биігіндей еңселі,
Абай жыры қастерлеймін мен  сені.

7.Бұл өмірден өжет те, ынжық та өткен,
Өжет өрлеп, ал, ынжық жүнжіп кеткен.
Қиындықтан ешқашан жеңілмеген,
Өміріңіз болашаққа жыр боп жеткен.

8.Арайланған асқақ  өмір, ақ таңдарда,
Толғанбай тыныш жатқан ақын бар ма?
Кіжінсе егер кіжінді Абай ата,
Салт-дәстүрін, дін жолын сатқандарға.

9.Ақ парақты қара қалам былғаған,
Ол ешқашан кіршіксіз боп тұрмаған.
Талай – талай ақ параққа сыр тартып,
Талай рет көтерілген құн, бағаң.

10.Асылдай боп тереңдікті көздеген,
Жақсылықтан үмітін ол үзбеген,
Өз заманы қараңғылау болса да,
Болашақтан жарық сәуле көздеген.

11.Сенің сөзің – менің ісім бүгінгі,
Білім алу – адам болу негізі.
Сенің әрбір сөздеріңнің тәлімі,
Жүрегіме мүдде болып қадалған.

12.Қалың жұрттың қамын жеген, мәрт бабам,
Сізді білмей жүргендерден жасқанам.
Сіздей ақын, сіздей дана болмаспын,

Сіздей адам болып өту шарт маған.
                                

****************

Абай Құнанбаев


Шыңғыс таудың баурайында, Тобықтының ішінен
Жарық жұлдыз ағып түсіп, артық туған кісіден.
Өз халқының бақыты үшін, жаратылып жасындай
Аты әлемге әйгі болған, өнегелі өрен ісімен.

Ертегі тыңдап әжесінен, зерек болған жасынан,
Өзгелердей ойын қумай,қалдырмаған кітап қасынан
Өнерін шыңдап,тілдерді үйреніп жаттаған
Он беске келіп,шабыты тулап тасыған.

Отаршыл, елді, бас көтертпестей тонаған
Қарсы шықсаң, жабыла кеткен сабаған
Бар халық бірге, жұмыла кетер дәрмен жоқ
Қыспаққа алған, қос жақтан иттер қабаған.

Бар халық жаппай, билерден үзген күдерін
Жүгінсе білген байлардың жеңін түрерін
Жуанды қорғап ақша үшін арын сатқандар
Кедейге арзанға, ұстатқан ауыр күрегін.

Халықтың ауыр, тұрмысын Абай көтермек
Мәдениет болса, тура жол тауып кетем деп
Көзін ашуда қараңғы қалған жұртының
Әділдік көздеп, бодансыз елге жетем деп.

Тура жолында, тағдырдың көріп соқпағын 
Патшалық қинап, сілтеуде зілдей шоқпарын
Әкенің емес, халықтың ұлы болғанда
Ақыным білді, бұл азап бір күн тоқтарын.

Қазақ пен орыс, жау деген сана халықта 
Мақсаты бірдей елдерде, жаулық болып па?
Жас дарындардың, ойларын түзеп жұртының 
Екі елдің ұстап, қатынастарын қалыпта.

Ақындарының, өзге елдің дана батырын 
Үлгі ғып елге, насихат жасап ақырын.
Ескі салттармен, надандықтармен күресіп
Қатарға қосып алданған, кедей пақырын.

Шын кірісіп, ақындыққа, қырыққа жасы келгенде
Біраз істі кесіп-пішіп ақылға жүрек ергенде
Болашағына сый қылып тартып өленің 
Ойын жинақиап, алысты сермеп көргенде.

Қырығында қамал бұзып, әдебиетке бет бұрып
Шыңдалғанда күш жігері, тәжірбе мен ептілік 
Қолын қанша сермесе де мезгілінен кешірек
Қалмады Абай, әлжуаздай бос өкініп тек тұрып.

Жырын жырлап, қалың елі қазағына арнаған
Жыл мезгілін суреттеуден алдына жан салмаған
Махаббатты маздататың талай өлең тарихқа
Домбырамен жыр ғып төгіп, жүрек жарды ән қалған.

Ақындығын қолданған, пайдасы жұртқа тиер деп,
Менің де жұртым бір күні, қымбат шапанын киер деп.
Халықты қанап алдаған, би болыстары бұралып
Жуанның мойны ысылып, байлардың аузы күйер деп.

Елі өркендеп биікке, елуге тартқан шағында,
Беделді сыйлы, қараша жұртқа қауымға.
Бай сараңдарға, есесін бермей халқының, 
Оқ бойы озып, отырған сөзбен дауыңда.

Соңғы күндерде, қажыды мына өмірде,
Баласы мерт боп, қаяуын салды көңілге.
Отырып алып, үн-түнсіз сырын бөліспей
Жүрегі шаншып, өмір жарығы сөнуде.

Ақыры бір күн, арпалыс ғұмыр тоқтады
Қиналған жүрек, дүрсілдеп енді соқпады.
Ауыр тұрмысы, тар жолы кешкен сондағы
Үлгі боп келді, еңсеріп өткен соқпағы.

Бітеліп жатқан, арнасын ашқан арықтың,
Қара түнекте сәулесін шашқан жарық күн
Жасаған әрбір, жақсылық берер ісіңмен
Жүрегіндесің, мәңгілік елдің, халықтың.

Төкен Ернұр
Сарытерек ауылдық округі 10- сынып оқушысы


****************
«Әдептілік ар-ұят – адамдықтың белгісі... »

    ...Абай қазақ елі әлемдік ел қазынасынан тәлім-тәрбие алса ғана жарыққа жететінін білген. Елі-жұртын үгіттеумен бірге өз білім тәрбиесін ,әсіресе жазушылық, әлеуметтік еңбек талабын, бұрын, бұның алдында өзге ақындар бармаған бағытқа, түспеген арнаға салады. Оны классик, данышпан Абай еткен де,осы бақытты бағыты мен қажымас еңбегі... Барлық қазақ халқының өткен тарихында ең зор биікке шыққан, асыл тұрғыны ашқан, айнымас зор қадірі зор классигі болып танылады.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов 
     Қазақ халқының өткен замандағы зиялылығы мен кемеңгерлігінің асқар шыңы, туған елінің бай да шешен ауыз әдебиетінен халық даналығының тамаша дәстүрлерінен нәр алған, щығыс-батыс келбетінің құрыс-құймаларын озық әдебиеттің дәстүрлерін мол баураған әрі табиғатынан өзі де ойшыл шешен Абай кең дарқан даласына құлашын жая, ұлағатын айта келді.
    Бала күннен-ақ халқымыздың батылдық, ақындық шешендік, қарапайымдылық әдеттерін әрі көре, әрі ақын-жыраулар, ата-әжелер арқылы естіп, құлағына сіңіре, саналы ойына қандыра өскен Абай, халқымның даналық сөздерін, мақал-мәтелдерді ести жүре, оны болашақ өмірде қажеттілігін аңғарған жас жадында ерекше сақтады да, кемеліне келген кәдеге жаратып сол жайында адамгершілік ой-пікір айтып, теориялық тоқтамға келгенін білеміз.
    Халқымның данышпан кемеңгер Абай алғашқы-тұңғыш шығармасы – «Қансонарда бүркітші шығады аңға» деген өлеңінің өзінде-ақ болашақ данагөйдің кім екенін аңғартқан еді де, өзінің адамгершіліктегі асқан шеберлігін де осы өлеңі арқылы танытқан еді. Мұнда қазақтың саятшылық өнерінің үздік шеберлікпен берілген ғажайып көркем әрі мейлінше дәл берілген суреттері бар. 
    Малмен көзін ашқан халқымның ең жақсы да жүйрік атын мініп, қарапайым да дос, мейірімді де жолдасына қалтқысыз берілген тату жолдас ертіп, аңға шығуы, алпыс екі айлалы түлкіні алып, жасы үлкендерге, олжасын өзі иемденбей, сыйға тартуы – қандай адамгершілік қасиет!
... Төмен ұшсами түлкі өрлеп құтылар деп,
Қанды көз қайқаң қағып шықса аспанға...
Қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі,
О дағы осал жау емес қыран паңға...
Жарқ-жарқ етіп екеуі айқасады,
Жеке батыр шыққандай қан майданға...
Құсы да, иесі де қоразданар,
Алпыс екі айлалы түлкі алғанға.
«Үйірілген үш тоғыз» деп жымыңдап,
Жасы үлкені жанына байланғанда»...
     Өзі айтқандай, ерте оянып, ойланған данышпан Абай халқын да ерте оятпақ, ойландырмақ болды. Өзінің ең қуатты қаруы – поэзиясын сол мақсатқа жұмсады.
     Абай – қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан мүлде озық, ерекше тұлға. Кезіндегі ақын-жазушылардан Абайдың шоқтығы әлдеқайда биік. Ол заманының озық ойлы демократы, ірі ағартушысы, терең ойшылы, қоғам қайраткері болды. 
    Абай өзінің «Болыс болдым, мінекей», «Мәз болады болысың», «Бойы былғаң», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» өлеңдерінде, т.б. өтірік сыншы-сатирик болып қалыптасқан жазушы екенін танытты. 
   Абай бай мен кедейдің арасындағы тұрмыс қайшылығын, дәулет теңсіздігін көрді. Өзінің «Күз», «Қараша желтоқсанмен сол бір екі ай» деген өлеңдерінде қазақ кедейлері мен байларының өмірін салыстыра отырып, кедейлердің қара суықты күз айларындағы аянышты халын айқын танытады.
«Кедейдің өзі жүрер малды бағып,
Отыруға отын жоқ үзбей жағып.
Тоңған үйін жылытып, тонын илеп,
      Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып», – деп Абай қазақ кедейлерінің жоқшылығы мен ауыр тұрмысын, оның шындық суретін тамаша реалистікпен берді. Осы бір үзіндінің өзінде талай сыр, талай сипат, талай күңгірт бояу түстері жатыр. Далада, мал артында, ауыр азапта жүрген кедей, оның жыртық панасыз, отынсыз үйі, сол жайсыз үйдегі байдың терісін илеп, өрмегін тоқып отырған әйелі көзіңе анық елестейді. 
    Абай өлеңдеріндегі беті ашық әлеуметтік мәселенің бірі – қазақ әйелдерінің жайы, қазақ жастарының махаббат, еркіндік мәселесі. Махаббат, достық тақырыбы Абай өлеңдерінің кең қамтитын, жалпы адамгершілік идеясымен қабысып келетін мәселе. Абай бұл мәселелерді көтеруде де өзінің жаңашыл, бұқарашыл ақын екенін танытты. Ол қазақ қыздарының теңдіксіз езіліп, сүйгеніне қосыла алмай келген ауыр халін көрді. Өзі ол жағдайға наразылық білдіріп, аянышты сезімге толы өлеңдерін шығарды. Қазақтың феодалдық қоғамы әйелдерді қорлап ұстап, сүймесіне зорлап қосты. Мал – мүлік орнында жұмсалып, сатып алуға жол берді. Ол өзінің «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңінде осы салт бойынша жас өмірін қор еткен қазақ қызының трагедиясын жыр етеді:
«Етімді шал сипаған құрт жесін деп,
Жартастан қыз құлапты терең суға»...
     Бұдан кейін Абай үйлену, ерлі-зайыпты болу ісіне немқұрайды қарауға, мал беріп алғанның бәрі әйел болып, өмір сүруге болады-мыс дегенге қарсы сын айтады:
«Есерлер жас қатынды тұтады екен,
Жас қайғысын білдірмей жұтады екен.
Ортасында бұлардың махаббат жоқ...»
      Осылайша, Абай достық пен махаббатқа бөленген тең, тату-тәтті, ерлі-зайыпты өмірді керек етіп, бірақ оны малмен сатып алуға болмайды, жүрек епке көнбейді, күні өткен кәрі мен өмірі алда балбыраған жас қорлық өмір сүре алмайды дейді.
    Абай өзінің шығармаларында әйелді қоғамның тең мүшесі, оны қорлауға болмайды; адам баласының тең жартысы әйел, ол біреуге ана, біреуге қарындас, не қыз: біреудің қорғаны, ақылшысы, жанашыр қымбаты, сүйген жары деп дұрыс түсіндіреді, өзінің «Масғұт» поэмасының бір жерінде Абай:
«Қатын, шеше, қызы жоқ кімнің қылса, –
Хан қаһар, қара кісі қастық қылса, –
Сонда ұрғашы болмай ма арашашы.
Тегінде адам басы сау бола ма?
Үйінде тексерілмес дау бола ма?
Ері ашу айтса, әйелі басу айтып,
Отырса бұрынғыдай жау бола ма?» – дейді.
    Гурманист Абай өзінің өлеңдерінде адамды қорлауға қарсы шығып, ер, әйел деп жынысына бөліп, бірін ол, бірін бұл деп қарауға наразы болды. Адам баласын достыққа үндеп отырды. 
«Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз», – дейді Абай.
     Адам үй-ішімен, жолдасымен шын дос болып, тату-тәтті өмір сүруі керек деп, сол достықты еңбекші халық алдына тартады. Дүниенің қызығы, өмірдегі жан тыным табар жұбанышы – достық өмірде деп білген Абай:
«Қызықтан өзге қалсаң бос,
     Қатының, балаң – досың бар, - деп, ең адал достық солардан табылады, қызығың үйде, солардың ортасында бол дейді.
     Абайдың достық туралы пікірлері оның адамгершілік идеяларымен тығыз байланысты. Абай адамның бәрі бірдей, оның туысы, өлімі – бәрі бір. Олардың айырмасы ақылында, мінезінде; көп, не аз білуінде, мәдениетінде деп, басқамен оздым ғой деушілік (мал, байлық) орынсыз және надандық деп білді. Өзінің қарасөздері мен өлеңдерінде Абай: өмірде ең қызық нәрсе – адамды сүюшілік, одан өзге еш нарсе жоқ дейді. Ол адамды сыйлап, бауыр тұтып отыруды керек қылды, оны адамдықтың қарызы деп білді.
        «Адамзаттың бәрін сүй» бауырым деп,
        Және «хақ жолы осы» деп ғадалетті... – ойла, айттым, адамдық атын жойма», - деді.
       Абай – осылайша, адамгершілікті жоғары ұстаған жазушы. Ол әр уақыт халыққа «Мақтан қума, керек қу, ойсыздарға қосылма!» деп ақыл айтып отырды. Кезіндегі үстем тап өкілдерінің тағылық жыртқыш мінездерін сынап, оларға қарсы шықты. Адамды езу, тонау, қанау жауыздың ісі, жыртқыш аң, айуандар құлқы деп көрсетті. Адамға лайықты ақыл, ой табар жолды көрсетіп, өнер, білмге, еңбекке үндеді. Адамгершілікке сыйымды іс қылып, өнер табуды керек қылды. 
       Орысша оқуды жақтаған Абай оқып шыққан жастардың мақсаты айқын болу керек, ол елі, халқы үшін еңбек етерлік азамат болсын деген талап артады. Кейбір тілмаш, адвокат болып, шен сыйлық алып, мал табуды армандар елді бүлінген үстіне бүлдіріп жүргендерді сынайды. «Я тілмаш, я адвокат болсам деген бәрінде ой», – дейді. Бұл ел үшін оқитын жасқа мақсат бола алмайтынын айтып, жастардың алдында дана адамдарды – Салтыков-Щедрин мен Л.Толстойды үлгі етіп ұсынады. Солардай елі үшін еңбек етерлік ұлы адам болуды өзіне және оқушы жастарға мақсат етіп қояды. 
     Абай өлеңдері – еңбексүйгіштікке, еңбекші жұртшылықты сыйлауға тәрбиелейтін зор идеялы шығарма. Абай дүниеде өмір сүру де, оны білу, тану да – бәрі еңбекпен болатын нәрсе екенін түсінді. Адам өмірі үшін де енбектің шешуші роль атқаратынын ескертті. «Еңбексіз өмір азғын, тозғындап бітеді», деп білді.
«Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын», – деп, адам баласы азбау үшін адал еңбекпен өмір сүруі керек дегенді айтты. 
     Осындай дана Абайдың дүниеге келгеніне жүз жетпіс жыл толса да оның даналық пікірлері – мәңгі өлмек емес, ұрпағымыздың асыл мұрасы. 
Ақжолтай Аяжан
Сарытерек ауылдық округі 
8 - сынып оқушысы

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

       Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.     Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктем

АБАЙДЫҢ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНЕ ТАПСЫРҒАН ЗАТТАРЫ

1. Абай үйінің жиһазы     Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің орыс досы Н.И.Долгополов арқылы қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан заттарын Семей қаласында ашылған өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырады. Олардың ішінде қазақ киіз үйлерінің жабдықтары: түскиіз, алаша, сырмақ, үй ішіне төсекаяқ, жүкаяқ, асадал, қалмақбас; қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: қобыз, домбыра; ұста саймандары: көрік, төс, балға; қару-жарақтар: найза, айбалта, шоқпар, шиті мылтық және кісе белдік, сондай-ақ басқа да түрлі этнографиялық заттар бар. Сол заттардың ішінен Абай тапсырған заттардың он жетісі 1964 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің қаулысы бойынша өлкетану музейінен Абай мұражайының қорына өткізілді.   Бүгінде Абай қорық-мұражайының құнды жәдігері, Абай тапсырған заттардың бірі, ақын үйінің жиһазы – кебеже. Түсім кітабындағы тіркелу нөмірі: КП – 1378, өлшемі: биіктігі – 79 см, ұзындығы – 61 см, ені – 52 см.   Кебеже - қазақ халқының қол өнерінің ішінде, өнер т

АБАЙДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІН КӨРГЕН ҰРПАҚТАРЫ

ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Кеңес Одағында тоталитарлық режим орнығып, ұзақ жылдар сталинизм зобалаңы дәуірледі. 20-30 жылдары Қазақстанды басқарған Н.Ежов, Ф.Голощекиндер жүргізген саясат рухани дамуға көп зиян келтірді. Ең алдымен, сергелдеңге қазақ халқының оқыған зиялылары түсті. Бас көтерер азаматтардың бәрі қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың ішінде Абай ұрпақтары, туыстары да болды.   Тұрағұл Абайұлы (1876 – 1934) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы, ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан сауат ашқан. Кейіннен өздігінен ізденіп орысша, арабша оқып, білімін жетілдірген. 1904 жылы Кішік-Тобықты еліне болыс болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыстықтан босатылған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің болысы Біләл Құнанбаевқа кандидат болып сайланған. 1917-1920 жылдары ол Семей өңіріндегі Алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі қызметтер атқарған. Тұрағұл бала жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан Абайдың әрбір өлеңі қай кезде қа