К основному контенту

Ақынның балалық шағы

   Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Азан шақырып қойған аты Ибраһим екен.
     Абай ислам дінінің қағидаларын барынша құрметтейтін діни отбасында өсіп, тәрбие алды. Оның әкесі Құнанбай қажы тобықты руының өте ықпалды, орыс тілін жақсы білген биі болды. Орыстың алдыңғы қатарлы зиялы қауым өкілдерімен қарым-қатынас жасап тұрды. Ол шыққан тегі сұлтан әулетінен болмаса да Қарқаралы округында алғашқы аға сұлтандардың бірі болып сайланды. Ғұмырының аяқ кезінде Меккеге қажылыққа барып қайтты. Меккеде Құнанбай қажы салдырған Тәбия қонақүйі әлі бар. Қажылықтан қайтып оралған Кұнанбай Бұл дүниелік істерден біржола қол үзеді. Ақынның бабасы Өскенбай Қазақстанның Солтүстік-шығыс аймағындағы әділетті де ықпалды қазақ билерінің бірі болатын. Оның қалдырған данышпандық сөздері мен ғибаратты өсиеттері аз емес. Биге қазақтардың алыс жатқан руларының адамдары да шағым айта келіп, жүгінетін. Абайдың арғы атасы Ырғызбай да атақты би әрі батыр болған.
     Абай әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, сосын Семейдегі Ахмет Риза медресесінде үш жыл оқып білім алады. Ол бала жасынан кітапқа құмар болды, араб-парсы және көне түркі әдебиетінің үлгілерімен танысты. Абай қазақтардың дәстүрлі әдет-ғұрып заңы мен ислам дінінің қағидаларын терең меңгерді. Онымен білім жарыстырудан молдалардың өздері қауіптенетін. Абай халық ауыз әдебиетінің үлгілерін өте жақсы білді. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінде-ақ өзінің алғашқы өлеңдерін жаза бастады.
    Әкесі Құнанбай Абайды тобықты руының болашақ билеушісі ету мақсатымен оқудан ауылға кері қайтарып алады. Мұнда ол халықтың қалың ортасына түседі. Билер, ақындар, сазгер-әншілермен, сондай-ақ даланың данышпан ойшылдарымен жиі-жиі бірге болып, араласып түрады. Ақынның жастық шағы патша үкіметінің Қазақстанның оңтүстігіне қарай әскери күшпен ентелеп ене бастаған кезімен тұспа-тұс келді. Ол патша үкіметінің округтық приказдардағы жағдайының барған сайын нығая түскенін, XIX ғасырдың 60—90-жылдарындағы әкімшілік реформаларының енгізілгенін өз көзімен көрді. Ол аз уақыт болыс болған кезінде қай істі болса да әділ және адал шешуге талпынды. Сол үшін қатардағы қарапайым халықтың терең сый-құрметіне бөленді. Бірақ қоғамның күрделі проблемаларын мұндай қарапайым тәсілмен шешуге болмайтынына бірте-бірте кәміл көз жеткізе бастайды. Сондықтан да ол қазақтардың білім мен ғылым алуын белсене жақтаушыға айналады.

      Озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы
   Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Ол кезде өз Отанының тәуелсіздігі жолындағы ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысушылар Қазақстан аумағына жер аударылып келіп жатты. Олар, атап айтқанда, Украина мен Польшадағы зиялы қауымның неғұрлым білімді өкілдері болатын. Жер аударылып келгендердің арасында патша үкіметінің саясатына қарсы шыққан орыс зиялы қауымының өкілдері де аз емес еді. Олар Абайдың саяси көзқарасының қалыптасуына ықпал етті. Атап айтқанда, Е. Михаэлис, А. Леонтьев, С. Гросс, А. Блек, П. Лобановский, Н. Коншин, Н. Долгополов және басқалары еді.
     Олар Абаймен бірге жиі-жиі қонақта болып жүрді. Қазақ ақыны солардың арқасында озық ойлы орыс мәдениетінің алып өкілдері А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың және басқалардың шығармаларымен жете танысты.

Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

       Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.     Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктем

АБАЙДЫҢ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНЕ ТАПСЫРҒАН ЗАТТАРЫ

1. Абай үйінің жиһазы     Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің орыс досы Н.И.Долгополов арқылы қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан заттарын Семей қаласында ашылған өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырады. Олардың ішінде қазақ киіз үйлерінің жабдықтары: түскиіз, алаша, сырмақ, үй ішіне төсекаяқ, жүкаяқ, асадал, қалмақбас; қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: қобыз, домбыра; ұста саймандары: көрік, төс, балға; қару-жарақтар: найза, айбалта, шоқпар, шиті мылтық және кісе белдік, сондай-ақ басқа да түрлі этнографиялық заттар бар. Сол заттардың ішінен Абай тапсырған заттардың он жетісі 1964 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің қаулысы бойынша өлкетану музейінен Абай мұражайының қорына өткізілді.   Бүгінде Абай қорық-мұражайының құнды жәдігері, Абай тапсырған заттардың бірі, ақын үйінің жиһазы – кебеже. Түсім кітабындағы тіркелу нөмірі: КП – 1378, өлшемі: биіктігі – 79 см, ұзындығы – 61 см, ені – 52 см.   Кебеже - қазақ халқының қол өнерінің ішінде, өнер т

АБАЙДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІН КӨРГЕН ҰРПАҚТАРЫ

ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Кеңес Одағында тоталитарлық режим орнығып, ұзақ жылдар сталинизм зобалаңы дәуірледі. 20-30 жылдары Қазақстанды басқарған Н.Ежов, Ф.Голощекиндер жүргізген саясат рухани дамуға көп зиян келтірді. Ең алдымен, сергелдеңге қазақ халқының оқыған зиялылары түсті. Бас көтерер азаматтардың бәрі қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың ішінде Абай ұрпақтары, туыстары да болды.   Тұрағұл Абайұлы (1876 – 1934) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы, ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан сауат ашқан. Кейіннен өздігінен ізденіп орысша, арабша оқып, білімін жетілдірген. 1904 жылы Кішік-Тобықты еліне болыс болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыстықтан босатылған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің болысы Біләл Құнанбаевқа кандидат болып сайланған. 1917-1920 жылдары ол Семей өңіріндегі Алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі қызметтер атқарған. Тұрағұл бала жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан Абайдың әрбір өлеңі қай кезде қа