К основному контенту

АСТАНА ТОЙЫНА – АБАЙ, ШӘКӘРІМ МҰРАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ


  IMG-20180628-WA00182018 жылдың 27 маусым күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен хәкім Абай мен данышпан Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығана арналған «Ұлы тұлғалар үндестігі» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.
  «Ұлы тұлғалар үндестігі» көрмесі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы IMG-20180628-WA0016аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.
  Қасиетті мекен – Шыңғыстауда дүниеге келген Абай мен Шәкәрім қазақ халқының маңдайына біткен ұлы ақындар, жаңа жазба әдебиеттің негізін қалаушылар. Қос алыптың шығармалары арқылы қазақ әдебиеті, қазақ мәдениеті шығыстың, батыстың таңдаулы ойшылдарының әлемдік философиялық идеяларымен байып, жаңа деңгейге көтерілді.
  Көрмеде данышпан Абай мен ойшыл Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және қоғамдық қызметінен сыр шертетін бірқатар құнды  деректер, жәдігерлер, Абай оқыған медресе кітаптары: «Китаб шараха алама», IMG-20180628-WA0025«Тарихи Жаудат», Ибн Халдунның мұсылман елдері және Африка елдерінің тарихы жазылған еңбектеріне орын берілген.
  Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары көрмедегі Абайдың өлкетану музейіне өз қолымен тапсырған заттарын, Абайдың ұлы Мағауияға жазған хатын,IMG-20180628-WA0010 Абайдың нағашы атасы Тұрпанның ер-тоқымын, Шәкәрімнің шоқпары мен саптыаяғын, Тобықты елінде кең тараған үш ішекті домбыраны 2018 жылдың 8 шілдесіне дейін тамашалайтын болады.

Комментарии

  1. ЗАЙМ МЕЖДУ ИНДИВИДУАЛЬНЫМ В 72 ЧАСА
    Получить наш кредит, быстрый кредит и пойти на это в ваших различных жизненных проектах. Я предлагаю вам лучшее из нашего сервиса. Воспользуйтесь нашим кредитным предложением за 72 часа с очень простыми и доступными условиями по процентной ставке 3% годовых. Наши переводы предоставляются банком для обеспечения безопасности транзакций. Итак, свяжитесь с нами для получения дополнительной информации.

    ( georges.matvinc@gmail.com )

    WhastApp: +33 756924191

    ОтветитьУдалить
  2. IDN Poker selaku penyedia game poker uang asli terbesar di Indonesia menunjuk langsung Situs Poker DEKAPOKER untuk menjadi agen resmi di Indonesia. Dengan member aktif 10,000++ jadi, Anda akan melawan pemain asli tanpa ada robot satu pun. http://menangjutaan.xyz/

    ОтветитьУдалить
  3. Я порекомендую всем, кто ищет бизнес-ссуду, мистеру Бенджамину, который помог мне с ссудой в четыре миллиона долларов, чтобы начать свой бизнес, и это было быстро. Когда они получали ссуду, было удивительно, насколько легко с ними было работать. Процесс был быстрым и безопасным. это был определенно положительный опыт. избегайте мошенников здесь и связались с мистером Бенджамином. 247officedept@gmail.com. whatsapp ... + 19893943740. если вы ищете бизнес-кредит.

    ОтветитьУдалить

Отправить комментарий

Популярные сообщения из этого блога

АБАЙДЫҢ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНЕ ТАПСЫРҒАН ЗАТТАРЫ

1. Абай үйінің жиһазы     Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің орыс досы Н.И.Долгополов арқылы қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан заттарын Семей қаласында ашылған өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырады. Олардың ішінде қазақ киіз үйлерінің жабдықтары: түскиіз, алаша, сырмақ, үй ішіне төсекаяқ, жүкаяқ, асадал, қалмақбас; қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: қобыз, домбыра; ұста саймандары: көрік, төс, балға; қару-жарақтар: найза, айбалта, шоқпар, шиті мылтық және кісе белдік, сондай-ақ басқа да түрлі этнографиялық заттар бар. Сол заттардың ішінен Абай тапсырған заттардың он жетісі 1964 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің қаулысы бойынша өлкетану музейінен Абай мұражайының қорына өткізілді.   Бүгінде Абай қорық-мұражайының құнды жәдігері, Абай тапсырған заттардың бірі, ақын үйінің жиһазы – кебеже. Түсім кітабындағы тіркелу нөмірі: КП – 1378, өлшемі: биіктігі – 79 см, ұзындығы – 61 см, ені – 52 см.   Кебеже - қазақ халқының қол өнері...

Абай ауданында Құнанбай қажының ескерткіші

Абай ауданында Құнанбай қажының ескерткіші салынып, ұлы Абай ақынның туған күніне орай 2017 жылдың тамыз-қыркүйек айларында ашылу жоспарланып отыр. Ескерткіш жергілікті кәсіпкерлердің қаржысына тұрғызылмақ.   -  Өздеріңізге белгілі, халықаралық кинофестивальдерден бірнеше рет жүлде алған «Құнанбай қажы» фильмы Абай ауданында түсірілген. Ендігі кезекті халықтың сұранысы бойынша Құнанбай қажы Өскенбайұлының ескерткішін тамыз айында аяқтауды ойлап отырмыз, - деді Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Жантұяқұлы.   Ескерткішке жұмсалатын қаржы сомасы 15 млн теңгені құрайды. Оның 8 млн теңгесі ескерткіштің тұғырына, қоршауы мен абаттандырылуына жұмсалса, 7 млн теңгесі мүсіннің өзін тұрғызуға жұмсалмақ. Абай ауданында Құнанбай қажының ескерткішін орнату туралы идеяны алғаш болып кәсіпкер, аудан мәслихатының депутаты Ардақ Сағадиұлы ұсынған.    - Мен ескерткіш орнату туралы идеяны көтергеніммен, шешімді халықтың өзі қабылдады. Бұл халықтың таңдауы мен ...