К основному контенту

Шығармашылығы

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады. Дүниетану өңірінде екі қасиеттің — сезім мен қыйсынның , түйсік пен ақылдың қатынасын таразылайды. Сондықтан да: «Ақыл сенбей сенбеңіз, Бір іске кез келсеңіз» деп жазады.
Кез келген халықтың тарих сахнасына шығуы — жүйеге бейімделген біртектес өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың (идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік, дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік, өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық, жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік қатынастардың салдары ретінде қарастыруға жол ашқан.


Комментарии

Популярные сообщения из этого блога

АБАЙДЫҢ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНЕ ТАПСЫРҒАН ЗАТТАРЫ

1. Абай үйінің жиһазы     Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің орыс досы Н.И.Долгополов арқылы қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан заттарын Семей қаласында ашылған өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырады. Олардың ішінде қазақ киіз үйлерінің жабдықтары: түскиіз, алаша, сырмақ, үй ішіне төсекаяқ, жүкаяқ, асадал, қалмақбас; қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: қобыз, домбыра; ұста саймандары: көрік, төс, балға; қару-жарақтар: найза, айбалта, шоқпар, шиті мылтық және кісе белдік, сондай-ақ басқа да түрлі этнографиялық заттар бар. Сол заттардың ішінен Абай тапсырған заттардың он жетісі 1964 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің қаулысы бойынша өлкетану музейінен Абай мұражайының қорына өткізілді.   Бүгінде Абай қорық-мұражайының құнды жәдігері, Абай тапсырған заттардың бірі, ақын үйінің жиһазы – кебеже. Түсім кітабындағы тіркелу нөмірі: КП – 1378, өлшемі: биіктігі – 79 см, ұзындығы – 61 см, ені – 52 см.   Кебеже - қазақ халқының қол өнері...

АСТАНА ТОЙЫНА – АБАЙ, ШӘКӘРІМ МҰРАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ

  2018 жылдың 27 маусым күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен хәкім Абай мен данышпан Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығана арналған «Ұлы тұлғалар үндестігі» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.   «Ұлы тұлғалар үндестігі» көрмесі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.   Қасиетті мекен – Шыңғыстауда дүниеге келген Абай мен Шәкәрім қазақ халқының маңдайына біткен ұлы ақындар, жаңа жазба әдебиеттің негізін қалаушылар. Қос алыптың шығармалары арқылы қазақ әдебиеті, қазақ мәдениеті шығыстың, батыстың таңдаулы ойшылдарының әлемдік философиялық идеяларымен байып, жаңа деңгейге көтерілді.   Көрмеде данышпан Абай мен ойшыл Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және қоғамдық қызметінен сыр шерт...

Абай ауданында Құнанбай қажының ескерткіші

Абай ауданында Құнанбай қажының ескерткіші салынып, ұлы Абай ақынның туған күніне орай 2017 жылдың тамыз-қыркүйек айларында ашылу жоспарланып отыр. Ескерткіш жергілікті кәсіпкерлердің қаржысына тұрғызылмақ.   -  Өздеріңізге белгілі, халықаралық кинофестивальдерден бірнеше рет жүлде алған «Құнанбай қажы» фильмы Абай ауданында түсірілген. Ендігі кезекті халықтың сұранысы бойынша Құнанбай қажы Өскенбайұлының ескерткішін тамыз айында аяқтауды ойлап отырмыз, - деді Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Жантұяқұлы.   Ескерткішке жұмсалатын қаржы сомасы 15 млн теңгені құрайды. Оның 8 млн теңгесі ескерткіштің тұғырына, қоршауы мен абаттандырылуына жұмсалса, 7 млн теңгесі мүсіннің өзін тұрғызуға жұмсалмақ. Абай ауданында Құнанбай қажының ескерткішін орнату туралы идеяны алғаш болып кәсіпкер, аудан мәслихатының депутаты Ардақ Сағадиұлы ұсынған.    - Мен ескерткіш орнату туралы идеяны көтергеніммен, шешімді халықтың өзі қабылдады. Бұл халықтың таңдауы мен ...