К основному контенту

АБАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ КІТАБЫ

   1516167207_article_b_1500_Өткен жылдың желтоқсан айы­ның ортасын­да редакция тап­сырмасы­мен Се­мей ша­һа­рына барып қайтқан едік. Са­пар ке­зінде қаланың руха­ни ордасына ай­налған Абай­дың «Жидебай-Бө­рілі» мемлекеттік та­рихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің экспозициясымен және қорда тұрған кейбір құнды жәдігерлерді көріп, марқайып оралдық.
   Аталмыш мекеме басшысы Болат Жүнісбеков мұндағы ма­ңыз­ды жәдігерлердің бірі – Абай­дың алғашқы кітабымен та­ныс­тырды. Бұл жинақ 1909 жылы Петербург қаласында И.Бора­ган­скийдің баспаханасынан басылып шыққан екен. «Абайдың қазасынан (1904 жыл) кейін туыстары мен балала­ры ақынның мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскен. Сөйтіп Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылы жазғасалым Абайдың өлең­­дерін, қара сөздерін жинап, түгендейді. Тапқандарын Мүр­сейіт Бікеұлының қолына беріп, әдемілеп көшіртеді. Ескіше құс­ни-көркем жазудың хас ше­бері Мүрсейіт молда арнайы тігіл­ген қоста отырып, бір айда жазып шық­қан», дейді музейдің аға ғылыми қызметкері Мұрат Мү­фтиұлы. Кәкітай мен Тұрағұлға ұлы ақын­ның қолжазбасын жинақ­тап, баспаға дайындауды тап­сырған адам Әлихан Бөкейханов. Әлекең 1915 жылы 18 қаңтар күні «Қазақ» газетінде жарияланған Кәкітайдың қазасы жайлы мақа­ласында: «...1904 жылы Абай мар­құмның өлеңін кітап қылып басың­дар деп, балаларына хат жаздым. 1905 жылы шілденің ая­ғын­да Кәкітай Абайдың қолжаз­басын алып Омбыдағы маған келді...», дейді. Осы орайда шәкәрімтанушы ғалым Асан Омаров жоғарыдағы кітаптың жарық көруіне және дайындалуына Шәкәрімнің де үлесі бар дейді. Ғалым дәлел ретінде, әлі ғылыми айналымға түс­пеген маңызды дерек Мінәш Әрхамқызының 1995 жылы «Абай» журналында жарық көр­ген «Кәкітай» атты мақаласын көл­денең тартады. Мақала Кәкі­тайдың әйелі Бибі әжейдің есте­лігі негіз­інде жазылған. Осындағы естелікте: төрт кісі (өзі және Тұрағұл, Шәкәрім, Кәкітай) Абайдың жылын бере­міз деп керек-жарақ алуға Се­мейге келдік депті. Дәл осы кезде Әлихан Бөкейханов та Се­мейде болған. Бәрі бас қосып, Абай­дың өлеңдерін талқылаған, жіктеп, жіліктеген. Одан әрі қа­рай Бибі әжей есте­лігінде: қа­сым­дағылардан «бұл кісі кім?» деп сұрағанымда, оқы­ған, ақылды адам Абай ағаның өлең­дерін қа­раттық деген еді дей­ді. Бұл арада шынында Шәкәрім қа­жы­ның қатысқаны байқалып тұр. «Әбден дайындалған қолжаз­баны Семейге Кәкітай алып кет­ті» деп жазады Әрхам ақсақал өзі­нің естелігінде. Сонымен қатар жол шығынына арнап сатып, пұл қылу үшін екі семіз ат, екі семіз түйені бірге әкеткені айтылады. Кәкітай осы сапарында Омбы қаласындағы Әлекеңе барған. Бұл туралы жоғарыдағы Әлиханның ес­телігінде толық айтылған. Ом­­быға Кәкітай соңғы нүктесі қойыл­­­­­­ған дайын қолжазбамен келген. Жинақта Абай өлеңдері 17 бөлікке топтастырылып, әрбір бөлікке жекелей тақырып («Ха­лық туралы», «Өлең туралы», «Өзі туралы», «Ғашықтық туралы», «Ой тура­лы», т.б) беріл­ген деп жазады зерт­теуші А.Омаров «Шәкәрім өмір­­баяны» атты қолжазбасында. Жоғарыда Семейде жолыққан достар бірге суретке түседі. Бұл суретті көзі көрген Кәкітайдың неме­ресі Мінәш апайдың: «Сол суретте Бибі әжемнің бір жағында беті боялған кісі, тағы бір жағында Кәкітай атам, сыртында Тұраш ағам, екінші жағында Кәкітайдың иығына қолын салып Шәкәрім атам тұрушы еді» деген естелігін келтіреді Асан Қайырбекұлы. Яғни бертінде Ә.Бөкейханов «ха­лық жауы» атанғандықтан сақтық жасап, оның бетін бояп тастаған сияқты. Бір әттеген-айы, бұл сурет сақталмаған, аласапыран заманда жоғалып кеткен. Қысқасы, Абайдың жинағын кітап қылып бастыру мақсатымен Омбыдан Қазан қаласына келген Кәкітай, ақыры қияндағы Петербургке бір-ақ барған. Әрине жол шығынын ағайын-туғандар көтеріскен. «Петербургке 200 сом қаражат жібердік» дейді Әрхам естелігінде. Төрт жылға созылған шыр­ғалаңнан кейін Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы 1909 жылы басы­лып шығады.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан» газеті
№11, 17.01.2018 ж

Комментарии

  1. ЗАЙМ МЕЖДУ ИНДИВИДУАЛЬНЫМ В 72 ЧАСА
    Получить наш кредит, быстрый кредит и пойти на это в ваших различных жизненных проектах. Я предлагаю вам лучшее из нашего сервиса. Воспользуйтесь нашим кредитным предложением за 72 часа с очень простыми и доступными условиями по процентной ставке 3% годовых. Наши переводы предоставляются банком для обеспечения безопасности транзакций. Итак, свяжитесь с нами для получения дополнительной информации.

    ( georges.matvinc@gmail.com )

    WhastApp: +33 756924191

    ОтветитьУдалить
  2. Betway casino mobile app and app download for Google Play
    Download Betway casino mobile 대구광역 출장샵 app and install the Android application. 거제 출장마사지 Betway has made some good strides in 과천 출장마사지 recent years in its efforts to bring in its users in  Rating: 5 청주 출장안마 · ‎4 reviews 동두천 출장안마

    ОтветитьУдалить

Отправить комментарий

Популярные сообщения из этого блога

АСТАНА ТОЙЫНА – АБАЙ, ШӘКӘРІМ МҰРАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ

  2018 жылдың 27 маусым күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен хәкім Абай мен данышпан Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығана арналған «Ұлы тұлғалар үндестігі» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.   «Ұлы тұлғалар үндестігі» көрмесі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.   Қасиетті мекен – Шыңғыстауда дүниеге келген Абай мен Шәкәрім қазақ халқының маңдайына біткен ұлы ақындар, жаңа жазба әдебиеттің негізін қалаушылар. Қос алыптың шығармалары арқылы қазақ әдебиеті, қазақ мәдениеті шығыстың, батыстың таңдаулы ойшылдарының әлемдік философиялық идеяларымен байып, жаңа деңгейге көтерілді.   Көрмеде данышпан Абай мен ойшыл Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және қоғамдық қызметінен сыр шертетін бірқатар құнды

Абайдың Қазақстан тарихында алатын орны

       Абайдың өз өлеңдері мен қара сөзбен жазылған ғибраттарында қазақ қоғамы өмірінің барлық жақтарын ашып көрсетті. Одан ақыл-кеңес сұраған дала тұрғындары ағылып келіп жатты. Атап айтқанда, оған Баянауыл өлкесіндегі белгілі шежіресі, әрі ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы келіп тұрды. Абаймен Семейге саяси жер аударылып келгендер де санасатын. Міне, мұның бәрі патша үкіметі шенеуніктері мен олардың жергілікті кейбір итаршыларының тарапынан қызғаныш пен көре алмаушылық, тіпті саяси күдік туғызды. Ақынның үстінен өсек айту мен жала жабу әрекеттерін күшейтті. Патша үкіметінің әкімшілігі Абайдың соңына шам алып түсіп, аңду орнатты. Тіпті 1903 жылы Семей полицмейстері ақынның және оның балаларының үйіне тінту жүргізді.     Жақын туыстары мен балаларының бірінен соң бірінің қазаға ұшырауы, оның үстіне ізіне түсіп қудалауға душар болуы ақынның денсаулығына әсер етті. Абай 1891 жылы өзінің ең жақсы көретін інісі Оспаннан айырылды. 1895 жылы үлкен ұлы Әбдірахман қайтыс болды. 1904 жылғы көктем

АБАЙДЫҢ ҚУҒЫН-СҮРГІН КӨРГЕН ҰРПАҚТАРЫ

ХХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап Кеңес Одағында тоталитарлық режим орнығып, ұзақ жылдар сталинизм зобалаңы дәуірледі. 20-30 жылдары Қазақстанды басқарған Н.Ежов, Ф.Голощекиндер жүргізген саясат рухани дамуға көп зиян келтірді. Ең алдымен, сергелдеңге қазақ халқының оқыған зиялылары түсті. Бас көтерер азаматтардың бәрі қуғын-сүргінге ұшырады. Солардың ішінде Абай ұрпақтары, туыстары да болды.   Тұрағұл Абайұлы (1876 – 1934) – Абайдың Әйгерімнен туған баласы, ақын, аудармашы. Жасында ауыл молдасынан сауат ашқан. Кейіннен өздігінен ізденіп орысша, арабша оқып, білімін жетілдірген. 1904 жылы Кішік-Тобықты еліне болыс болып сайланып, 1905 жылы өз арызы бойынша болыстықтан босатылған. 1916 жылы болыс сайлауында Шыңғыс елінің болысы Біләл Құнанбаевқа кандидат болып сайланған. 1917-1920 жылдары ол Семей өңіріндегі Алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі қызметтер атқарған. Тұрағұл бала жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген. Сондықтан Абайдың әрбір өлеңі қай кезде қа