К основному контенту

Сообщения

АСТАНА ТОЙЫНА – АБАЙ, ШӘКӘРІМ МҰРАЛАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ

  2018 жылдың 27 маусым күні Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен хәкім Абай мен данышпан Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығана арналған «Ұлы тұлғалар үндестігі» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.   «Ұлы тұлғалар үндестігі» көрмесі Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.   Қасиетті мекен – Шыңғыстауда дүниеге келген Абай мен Шәкәрім қазақ халқының маңдайына біткен ұлы ақындар, жаңа жазба әдебиеттің негізін қалаушылар. Қос алыптың шығармалары арқылы қазақ әдебиеті, қазақ мәдениеті шығыстың, батыстың таңдаулы ойшылдарының әлемдік философиялық идеяларымен байып, жаңа деңгейге көтерілді.   Көрмеде данышпан Абай мен ойшыл Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы және қоғамдық қызметінен сыр шертетін бірқатар құнды
Недавние сообщения

АБАЙДЫҢ ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНЕ ТАПСЫРҒАН ЗАТТАРЫ

1. Абай үйінің жиһазы     Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өзінің орыс досы Н.И.Долгополов арқылы қазақ халқының ертеден қолданып келе жатқан заттарын Семей қаласында ашылған өлкетану музейіне 1885 жылы тапсырады. Олардың ішінде қазақ киіз үйлерінің жабдықтары: түскиіз, алаша, сырмақ, үй ішіне төсекаяқ, жүкаяқ, асадал, қалмақбас; қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары: қобыз, домбыра; ұста саймандары: көрік, төс, балға; қару-жарақтар: найза, айбалта, шоқпар, шиті мылтық және кісе белдік, сондай-ақ басқа да түрлі этнографиялық заттар бар. Сол заттардың ішінен Абай тапсырған заттардың он жетісі 1964 жылы Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің қаулысы бойынша өлкетану музейінен Абай мұражайының қорына өткізілді.   Бүгінде Абай қорық-мұражайының құнды жәдігері, Абай тапсырған заттардың бірі, ақын үйінің жиһазы – кебеже. Түсім кітабындағы тіркелу нөмірі: КП – 1378, өлшемі: биіктігі – 79 см, ұзындығы – 61 см, ені – 52 см.   Кебеже - қазақ халқының қол өнерінің ішінде, өнер т

Бас мұражай

 «Абай дәуірі». Бөлім экспозициясы ақын өмірін сол кездегі заман ағымымен тығыз байланыста көрсетеді. Мұрағат деректері, фотосуреттер Қазақстанның ХIХ ғасырдағы саяси-әкімшілік құрылысы мен дала тұрғындарының хал-күйін жан-жақты ашады.   Бөлімдегі мұрағат деректері Құнанбай Өскенбайұлы мен Абайдың әкімшілік қызметтері туралы мағлұмат береді.    Экспозицияда Омбы, Қазақстан мұрағаттарынан алынған «Формулярные списки о службе хорунжего Кунанбая Ускенбаева», Абайдың 1876 жылы Қоңыр-Көкше-Тобықты  болыстықтың жай-күйін баяндайтын облыстық басқармаға берген статистикалық мәліметтері, 1885 жылы Қарамолада өткен «Шар сиезінде» қабылданған Абай дайындаған «Семей қазақтары үшін қылмысты істерге қарсы заң ережелері», Абайдың Сенатқа жазған хаттың көшірмелері қойылған. Экспозиция Семейге жер аударылған саяси қуғындалғандар: Е.Михаэлис, Н.Долгополов, С.Гросс, Н.Коншин, А.Блек, А.Леонтьев туралы мәліметтер, ақынның олар ұйымдастырған Бастауыш білім беру қоғамында, Санақ комитетінд

АБАЙДЫҢ АЛҒАШҚЫ КІТАБЫ

    Өткен жылдың желтоқсан айы­ның ортасын­да редакция тап­сырмасы­мен Се­мей ша­һа­рына барып қайтқан едік. Са­пар ке­зінде қаланың руха­ни ордасына ай­налған Абай­дың «Жидебай-Бө­рілі» мемлекеттік та­рихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің экспозициясымен және қорда тұрған кейбір құнды жәдігерлерді көріп, марқайып оралдық.    Аталмыш мекеме басшысы Болат Жүнісбеков мұндағы ма­ңыз­ды жәдігерлердің бірі – Абай­дың алғашқы кітабымен та­ныс­тырды. Бұл жинақ 1909 жылы Петербург қаласында И.Бора­ган­скийдің баспаханасынан басылып шыққан екен. «Абайдың қазасынан (1904 жыл) кейін туыстары мен балала­ры ақынның мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскен. Сөйтіп Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылы жазғасалым Абайдың өлең­­дерін, қара сөздерін жинап, түгендейді. Тапқандарын Мүр­сейіт Бікеұлының қолына беріп, әдемілеп көшіртеді. Ескіше құс­ни-көркем жазудың хас ше­бері Мүрсейіт молда арнайы тігіл­ген қоста отырып, бір айда жазып шық­қан», дейді музейдің аға ғылыми қыз

ХАКІМ АБАЙДЫҢ ҰЛДАРЫН НЕГЕ ҰМЫТ ҚАЛДЫРДЫҚ?

Ойлы дүниені тәптіштеп оқып, астын сызып, белгілер қойып, «құнды қағаздарымның» арасына қостым. Бірнеше күн өткен соң қайта қолға алдым. «Дәстүрлі қазақ қоғамында әке мен баланың арасындағы терең түсіністік пен ыстық көңілдің жосынын ойлағанда Абай мен Мағауия қарым-қатынасы көкейге оралады», – деп ой тас­тапты Бағашар бауырымыз. Мәселенің мәнісіне бүгінгі ұрпақтың көзімен үңілгендігі тебірентті. Өткен кеңестік заманда әке мен баланы бір-біріне қар­цсы қойып, ара жікті бөлуге тырысқан жетесіздік белең алып кете жаздады емес пе?! Ғасырлар бойы қанға сіңген қазақы тәрбие ғана қасіретке айнала жаздаған келеңсіздіктен ұрпақтар сабақтастығын құтқарып қалды. Қолымызға қалам ұстатқан да осы жағдаят.  Абай мұрасына көзқарас, абайтану өткен шырғалаң жол ойға оралады еріксіз. Абайтанудың бастауында тұр­ған ұлы ақынның өмірі мен шығарма­шы­лығы жайындағы мақалалар бір төбе. Абай­дың қайтыс болуына байланысты жарияланған азанама, «Қазақтың бас ақыны – Абай» деп әдебиеттегі орнын б

ШЫМЫЛДЫҚ «АБАЙ» ОПЕРАСЫМЕН АШЫЛАДЫ

  «Астана Опера» театры ЭКСПО-2017 көрмесіне арнайы бағдарлама ұсынбақ «Астана Опера» театры ЭКСПО-2017 көрмесіне орай арнайы әзірлеген туындыларын көрермен назарына ұсынбақ. Арнайы бағдарлама шымылдығы 11 маусым күні «Абай» операсымен ашылады.   Операның дирижерлік тізгіні маэстро Алан Бөрібаевтың қо­лын­­да болса, қоюшы ре­жи­с­сері – белгілі италиялық өнер тар­ланы Джанкарло дель Мо­нако. Спектакльдің сценографы – Эцио Фриджерио. Кос­тю­мер суретшісі – «Оскар» сый­лығының иегері Франка Скуарчапино. Қоюшы хоре­о­графтар – Қазақстанның ең­бек сіңірген қайраткерлері Тұр­сын­бек Нұрқалиев пен Ғалия Бөрібаева.  Егемен Қазақстан 02.06.2017ж

Абай ауданында Құнанбай қажының ескерткіші

Абай ауданында Құнанбай қажының ескерткіші салынып, ұлы Абай ақынның туған күніне орай 2017 жылдың тамыз-қыркүйек айларында ашылу жоспарланып отыр. Ескерткіш жергілікті кәсіпкерлердің қаржысына тұрғызылмақ.   -  Өздеріңізге белгілі, халықаралық кинофестивальдерден бірнеше рет жүлде алған «Құнанбай қажы» фильмы Абай ауданында түсірілген. Ендігі кезекті халықтың сұранысы бойынша Құнанбай қажы Өскенбайұлының ескерткішін тамыз айында аяқтауды ойлап отырмыз, - деді Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Жантұяқұлы.   Ескерткішке жұмсалатын қаржы сомасы 15 млн теңгені құрайды. Оның 8 млн теңгесі ескерткіштің тұғырына, қоршауы мен абаттандырылуына жұмсалса, 7 млн теңгесі мүсіннің өзін тұрғызуға жұмсалмақ. Абай ауданында Құнанбай қажының ескерткішін орнату туралы идеяны алғаш болып кәсіпкер, аудан мәслихатының депутаты Ардақ Сағадиұлы ұсынған.    - Мен ескерткіш орнату туралы идеяны көтергеніммен, шешімді халықтың өзі қабылдады. Бұл халықтың таңдауы мен қолдауы, көкейде жүрген